Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Елжанов жұмыс барысымен Жаңаөзен қаласына барды

    Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Елжанов жұмыс барысымен Жаңаөзен қаласына барды

    ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Елжанов жұмыс барысымен Жаңаөзен қаласына барып, ондағы мешіттердің жай-күйімен танысты. Имамдар мен мешіт қызметкерлері қатысқан жиында бүгінгі мәселелерді көріп,алдағы жоспарлармен танысқан Әнуар Ізімбайұлы елдегі соңғы жағдайларға байланысты сақтық шараларын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, жиналғандарға бірқатар кадрлық ауыс-түйістің орын алғанын айтып, тағайындаулармен таныстырды. Жаңаөзен қалалық Әбіш қожа мешіті енді Жаңа өзен қалалық орталық мешіті болып танылып, Құрбанбек Абдалиев Жаңаөзен қаласының бас имамы болып тағайындалды. Қаладағы ескі мешіттің имамы қызметіне Мырза Мұхаммедюсупұлы кіріссе, Теңге ауылдық Қосай мешітінің имамы болып Нұрмұхамед Бахрамұлы қызмет атқармақ.
    Маңғыстау облыстық Бекет ата мешітінің баспасөз қызметі
    ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Елжанов Жаңаөзен қаласындағы сапары кезінде имамдар мен мешіт қызметкерлерімен бірқатар мәселелерді талқылап, ашық әңгіме жүргізді. Күн тәртібіне көтерілген бір сұрақ ас-садақалардағы дастархан мәзірі жайында болды. Өңіріміздің бас имамы Әнуар Ізімбайұлы ысырапты болдырмаудың маңыздылығын алға тартып, бірыңғай дастархан мәзірін дайындап, ас тізімін жасау қажеттігін айтты. Имамдарға тиісті тапсырмалар жүктеп, жұмысты күшейтуді тапсырды.
    Маңғыстау облыстық Бекет ата мешітінің баспасөз қызмет

    іhttps://www.facebook.com/profile.php?id=100005125187145

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.