
Елімізде короновирустық індеттің таралуына байланысты ауданда шұғыл ден қою штабы құрылып, аудан әкімі, штаб төрағасы Ә.Жүнісовтің тапсырмасына сәйкес тиісті жұмыстар басталған болатын.
Кеше аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандарымен бірге аудандағы қоғамдық орындар мен автобекеттерде қауіпсіздік шараларын жүргізу жұмыстары басталды.
Короновирустық инфекцияның алдын-алу және болдырмау мақ сатындағы шара бүгін аудандағы «Нәлібек» автобекеті мен «Бибі Ажар» балабақшасы, Д.Құрманбек атындағы №20 колледжде жалғасты. Дезинфекциялау кезінде мекемелердің халық көп баратын бөлмелері мен ауласына талапқа сай залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Бұл жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.


