В Сарыагашском районе полицейские задержали местного жителя с марихуаной

    В Сарыагашском районе полицейские задержали местного жителя с марихуаной

    "Допинг" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Сарыағаш АПБ-нің полиция қызметкерлері Сарыағаш қаласындағы моншаның бірінің жанында күдікті тудырған ер адамды тоқтатады. Жедел уәкілдер оның шалбарының қалтасын тексеру кезінде, өсімдік тектес есірткі затын тауып, тәркіледі.
    Содан соң сот-криминалистикалық сараптамаға жіберіліп, нәтижесінде салмағы 5 грамнан асатын "кептірілген марихуана" екендігі белгілі болды.
    Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы "Есірткі, психотроптық заттармен, олардың аналогтарын өткізу мақсатынсыз заңсыз пайдалану"бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.
    Өз кезегінде, тәртіп сақшылары Түркістан облысының тұрғындарына есірткіні сақтау және өткізу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Полицейлер азаматтарға есірткіні тұтынудан бас тартуға, спортпен айналысуға және салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.