Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев жаңа басшыны ұжым алдында таныстырып, еңбек жолын атап өтті

    Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев жаңа басшыны ұжым алдында таныстырып, еңбек жолын атап өтті

    Cырым ауданы әкімінің 2020 жылғы 17 наурыздағы №37 өкімімен Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы лауазымына Сарсенов Ерлан Жолдыбайұлы тағайындалды.


    Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев жаңа басшыны ұжым алдында таныстырып, еңбек жолын атап өтті.

    Ерлан Сарсенов 2005 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын «Қызыл ту» колхозының жұмысшысы болып бастап, аудандық әскери комиссариатының нұсқаушысы, №3 бөлімше бастығы және осы бөлімше бастығының аға көмекшісі, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі, аудандық әкім аппаратының басшысы қызметтерін атқарды.

    Аудан әкімі бөлімнің жаңа басшысына сенім білдіріп, сәттілік тіледі.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.