
Бүгін Әйтеке би кентіндегі «Айзере Фарм» дәріханасында медициналық маска сатылуда. Дәріхана иесі кеше арнайы тапсырыспен 1000 дана бетперде алдырған. Оның 500-дейі алдын ала тапсырыс беріп, ақшасын төлеп кеткен тұрғындарға берілді.
Қазіргі таңда 500 медициналық маска дәріханада сатылуда. Дәріханаға бүгін кешке дейін тағы да 1000 медициналық маска келеді.
Дәріхана Әйтеке би кентіндегі Әйтеке би көшесі бойында «РЗА» дүкенінің қасында орналасқан.

