ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ АУМАҒЫНА БЕКЕТТЕР ҚОЙЫЛДЫ

    ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ АУМАҒЫНА БЕКЕТТЕР ҚОЙЫЛДЫ

    Төлеби ауданында бүкіл әлемді алаңдатып отырған коронавирус инфекциясының таралуының алдын-алу мақсатында 3 бекет (пост) қойылды. Онда атқарылып жатқан жұмыстардың барысын аудан әкімі Бауыржан Омарбеков аралап көріп, өз бақылауына алды.

    Ленгір-Шымкент шекарасы, Зертас-Абдуллабад, Көксәйек-Қарамұрт бағыттарында орнатылған бекеттерде полиция және медицина саласының мамандары әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуларын өлшеп, сақтық шараларын айтуда.

    Түсіндірме жұмыстары барысында азаматтарға артық үрейге бой алдырмай, түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз!

    Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.