
Ұсынылған үлгі Консультативтік органның бастамашыл тобы халықаралық тәжірибе негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірлесіп құрастырылып, аудиторлық қызметті реттеудегі соңғы бағыттарды көздейді.
Талқылау барысында Кәсіби аудиторлық ұйымдардың өкілдері Кәсіби Кеңестің үлгісі туралы, соның ішінде сыртқы сапа бақылауы мен сертификаттау туралы ережені аяқтау қажеттігі туралы пікірлерін білдірді.
Тұтастай алғанда, «ҚР Аудиторлар палатасы» КАҰ өкілдері отандық аудиторлық есептердің халықаралық сарапшылары мойындамаған жағдайда, аудиттегі өзгерістердің қажеттілігін атап өтті.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің және «Атамекен» ҰКП өкілдері 2017 жылдың 24 мамырындағы № 35 хаттама бойынша Кәсіпкерлік қызметті реттеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұстанымын білдірді.
Мүдделі тараптардың пікірлерін ескере отырып, Кәсіби кеңестің үлгісі талқыланады.



