
Қалалық төтенше жағдайлар бойынша штаб мүшелері, полиция басқармасы, қалалық әкімдік қызметкерлерінің бірігуімен Ақтаудағы кафе, мейрамхана, кешке жиналатын орталықтар күн сайын тексерілуде. Президенттің жарлығы бойынша кешкі сағ.22.00-де жабылуы тиіс.
Түнде 4 жұмыс тобымен 70-тан астам орындар тексеріліп, оның 5-уі (1 компьютер клубы, 4 дәмхана) ашық екені анықталды. Сол жерде олардың иесіне әкімшілік
кодекстің 476-бабы бойынша хаттама толтырылып, ескерту берілді.
Айта кетейік, рейдтер күн сайын жүргізіледі.
В городе продолжаются ночные рейды.



