Жоғалған азамат отбасына оралды

    Жоғалған азамат отбасына оралды


    Жангелдин аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жоғалған азаматты жарты күннің ішінде тауып, туысқандарымен табыстырды.
    Ағымдағы жылдың 25 наруыз күні Жангелдин ауданының Полиция бөлімінің «102» нөміріне Арқалық қаласының тұрғыны Альбина Байкас хабарласып, көмек сұрады. Хабарламада Жангелдин ауданы, Қалам-қарасу ауылында тұратын туған ағасы Ермек Байкасовтың 24 наурыз күні үйінен шығып, хабар-ошарсыз кеткені айтылған. Үйден кетуіне үй ішіндегі жанжал себеп болған және жоғалған азамат алкагольдік ішімдік ішкен.
    Хабарламаны ала сала дереу Жангелдин ауданының Полиция бөлімінің жеке құрамының шұғыл іздестіру тобы құрылып, полиция учаскелік инспекторы Алмас Тұрсынбек аудан орталығындағы барлық шатханалар мен сауық орындарын аралады. Сондай-ақ, Жаркөл ауылыдық округының учаскелік инспекторы Нұрдәулет Қуандықов іздеу жұмыстарына араласады.
    Іздеу жұмыстары барысында 25 наурыз күні кешкі сағат 17:00 шамасында Ермек Байкасов Арқалық-Торғай тас жолының 55 шақырымында, Жаркөл ауылының маңында табылады.
    Жангелдин ауданы полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел әрі жемісті жұмыс нәтижесіне арыз беруші Альбина Байкас алғысын білдіріп, сәттілік тіледі.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.