Дін істері басқармасының басшысы Маханбетов Мақсатбек Шахзадаұлы брифингте Маңғыстау облысындағы діни ахуалдар және төтенше жағдайларға байланысты қабылданған іс-шаралар туралы сөз қозғады.
- Өңірде қазіргі таңда он бір діни бірлестіктер, қырықтан астам діни ғибадат үйлері тіркелген. Төтенше жағдайларға байланысты түсіністікпен қарап діни бірлестіктер ғибадат үйлерінде ұжымдық құлшылықтар, жиындар мен діни іс шаралар төтенше жағдай қабылдаған күннен бастап уақытша тоқтатылды. Мешіттер мен ғибадат үйлері ашық, бірақ адамдар жиналмайды. Сонымен қатар, діни бірлестіктерге төтенше жағдай талаптарын бұзу әкімшілік құқық бұзулыққа әкеп соғатының түсіндірілді. Осыған байланысты Маңғыстау облысы Дін істері басқармасы аптаның әр жұма, жексенбі күндері мониторинг жасап, қадағалайтын болады.
Барлық азаматтарға айтарымыз төтенше жағдай мезгілінде сақтық шараларын күшейту қажет және діни құлшылықтарыңызды үйде өткізуді сұраймыз. Бұл өзіңізді және отбасыңызды қорғау деп түсініздер, сабырлық сақтаңыз.
Сұрақтар барысында Дін істері басқармасының басшысы:
- Төтенше жағдай жариялануына байланысты жеке және заңды тұлғалар мүліктік жағдайына қарамастан тиісті талаптарды орындамау Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476 бабы бойынша ескерту жасауға немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу шаралары қабылданады.


