
Облыстық «әлеуметтік-психологиялық және зерттеу орталығы» қоғамдық қоры, облыстық «Нұр Отан» партиясы және ішкі саясат басқармасымен бірлесе отырып өткізген «Әкеден қалған бір өнер» байқауына облыс прокуратурасының қызметкері Болат Шәріпов өз отбасымен қатысып, прокуратура органдары қызметкерлерінің отбасы тәрбиесіндегі үлгісін көрсетті.
Сайыс Зеренді ауданының Садовое ауылындағы Чаглинка өзенінің жағалауында, ашық аспан астында өткізілді.
6 этаптан тұратын отбасындағы әке тәрбиесінің ролін арттыруға және отбасылық құндылықты жоғарылатуға бағытталған сайыста, әріптесіміз жүлделі 1 орынға ие болып, облыс прокуратурасының беделін жалпы облыс жұртшылығы алдында паш етті.
Қызметтегі уақыт тапшылығына қарамастан, Болат Шәріпов үлгілі әке, парасатты жар, отбасы үшін берік қамал екендігін дәлелді.
Болат Шәріповке көрсетілген мерейлі қошемет, прокуратура органдарының беделін үстем етті.
Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз-қызметі


