ТЕРЕКТІДЕ БЛОГ-ПОСТТАР ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

    ТЕРЕКТІДЕ БЛОГ-ПОСТТАР ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

    Теректі ауданы аумағында карантиндік режим жарияланып, алты блок-пост өз жұмысын бастап кетті.

    Посттарды аралап шыққан аудан әкімі Әділ Жоламанов төтенше жағдай кезінде жол қатынасының кедергісіз жұмыс жасауы үшін қабылданған шаралардың тәртіпке сай жүзеге асуын қадағалады.

    "Федоровка-Ақсай" автожолының Богданов ауылына апарар жолмен қиылысында, Федоров ауылына кіреберісте, "Орал-Подстепный-РФ шекарасы" тас жолының Магистральный ауылына кірер жол қиылысында, "Самара-Шымкент" тас жолының Юбилейный ауылына қарай барар жол қиылысында, "Самара-Шымкент" тас жолының Ақжайық ауылына қарай және "Самара-Шымкент" тас жолының Аңқаты ауылына жеткізер жол қиылысында орналасқан блок-посттар тәулік бойы жұмыс жасауға дайын.

    Осы жерде қызмет атқаратын мамандар қажетті құралдар,тамақ, жатын орынмен қамтылған.

    Әр блоктың ерекшелігіне қарай атқарар істі пысықтаған аудан әкімі Әділ Тауфиқұлы әр маман мен ішкі істер қызметкерлеріне өз істеріне жауапкершілікпен қарауды баса айтты.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.