Алматы полициясы: мас жүргізуші бақылау-өткізу бекетіне кіріп кетті

    Алматы полициясы: мас жүргізуші бақылау-өткізу бекетіне кіріп кетті

    Бұл жол-көлік оқиғасы бүгін, 02.04.2020 жылы, сағат 15:00-де Алматы қаласының Алатау ауданында орын алды.
    «Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көксай ауылының тұрғыны, 1970 жылы туған А.есімді азамат "Тойота Ипсум" маркалы автокөлікті басқарып келе жатып, Жаңа Ғасыр көшесінің солтүстік бағытында № 4 бақылау-өткізу бекетіндегі металл турникетпен соқтығысқан. Әрі қарай қозғалысты жалғастыра отырып, жүргізуші тоқтап тұрған "Киа" маркалы полиция көлігімен бетпе-бет соқтығысып, содан кейін шетте тұрған "Лада Приора" мен "Тойота Камри" көлігімен соғысқан. Қызметтік көліктің жүргізушісі, полиция аға сержанты Мереке Отарғазы екі аяғының сынығымен жедел ауруғанаға жеткізілді. Болжам бойынша минивенді мас жүргізуші басқарған. Енді оның алкогольге немесе есірткіге мас болғандығын анықтау үшін медициналық тексерістен өтеді. Бақытымызға орай, бекетте тұрған адамдар көп болғанымен, басқа азаматтар зардап шеккен жоқ: бірнеше бөлімнің өкілдері осында қызмет етеді », - деді, Алматы қалалық полиция Департаментінің ресми өкілі, полиция подполковнигі Салтанат Әзірбек.
    Бұл факт облыстың сотқа дейінгі тергеуінің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 345-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелген. Қылмыстық іс жүргізуді Алматы облысы ПД қызметкерлері аумақтық бөлінісі бойынша жүргізеді.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.