ЛЕНГІР ҚАЛАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ КӨШЕСІ ТОЛЫҚ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАНДЫ

    ЛЕНГІР ҚАЛАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ КӨШЕСІ ТОЛЫҚ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАНДЫ

    Қазіргі таңда еліміздің барлық аймақтарында коронавирус пандемиясымен күрес шаралары күшейтілді. Аталған індеттің тарауына тосқауыл қою мақсатында бүгін Төлеби ауданы, Ленгір қаласының орталық Төлеби көшесі толық дезинфекцияланды. Ал, қалған үлкен көшелер мен ауылдық округтерде белгіленген кестеге сәйкес жүргізілетін болады.

    Залалсыздандыру жасағы төтенше жағдай бөлімі мамандары мен мектептердің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінен құрылып, 40 ранцты аппаратпен және арнайы киімдермен қамтамасыз етілді.

    Бұл жасақтан бөлек арнайы мамандандырылған мекемелер аудан бойынша 91 көп қабатты үйлердің аулалары мен дәліздерін, ойын алаңдарын және орталық көшелердегі 24 аялдамада толығымен залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

    Аудан тұрғындарынан маскалық режим мен сақтық шараларын қатаң сақтауды сұраймыз.

    Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.