
Әскерилер қаланы залалсыздандыру жұмыстарына кірісті. Олардың жасағында: Облыс орталығындағы қауіпсіздікті күшейтуге келгендеріңізге алғыс білдіремін. Сіздерге барлық жағдайды жасауға тырысамыз. Індеттің алдын алу жұмыстарын бірге абыроймен атқарайық", - деді қала басшысы Рашид Аюпов.
⠀
Жұмылдырылған 40 әскери алдымен Теміржол вокзалы аумағын залалсыздандарды. Бұл ретте, залалсызданған келушілер қақпасының есігі осы сәттен бастап жабылғанын хабарлаймыз.
⠀
Ал, оларға қажетті киімдер, химиялық ерітінділер барлығы қала әкімдігі тарапынан үлестірілген. Сонымен қатар, бүгін базардағы азық-түлік дүкендері аумағы мен көшелерді әскерилер күшімен дезинфекциялау жалғасады.
⠀
Айта кетейік, кеше қаламызға келген, 200-ге тарта әскери қызметкер күнделікті тазалау жұмыстарымен қатар, блок-бекеттердегі қауіпсіздікті де күшейтеді.
⠀
Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
⠀
#birgemiz
#ҮйдеҚал


