АРАҚАШЫҚТЫҚТЫ САҚТАУ ҮШІН БЕЛГІЛЕР СЫЗЫЛДЫ

    АРАҚАШЫҚТЫҚТЫ САҚТАУ ҮШІН БЕЛГІЛЕР СЫЗЫЛДЫ

    Қазіргі уақытта зейнетақы, жәрдемақы және жалақы беріліп жатқандықтан, қала банктерінің алдында тұрғындар кезегі мен көптеп шоғырлануы жиілеп кетті. Осы себепті, қала әкімдігі мен "Asar" еріктілер ұйымы аталған орындарда тығыз қарым-қатынасты азайтып, арақашықтықты сақтау үшін мекеме алдындағы арнайы орындарда белгілер сыздырды. Бұл - қалада індет таралуының алдын алу үшін жасалған шара. Банктер, почталар мен банкоматтар жұмысы тоқтамайды. Сондықтан, бір күнде жаппай шоғырланудың қажеттілігі жоқ.
    Мұнда әр қызмет алушы тұрғында медициналық бетперденің болуы және қолын міндетті түрде антисептикпен залалсыздандыруы жіті тексеріледі. Сондай-ақ, келушілер бір реттік қолғаппен қамтамасыз етіледі.
    Полиция қызметкерлері де патрульдік көліктері арқылы хабарлап, көшеде арақашықтықты сақтауға шақыруда.
    Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.