
КОРОНАВИРУС ІНДЕТІНІҢ ТАРАЛУЫНА ЖОЛ БЕРМЕУ ШАРАЛАРЫ
Коронавирус індетінің таралуын болдырмау мақсатында халық көп жиналатын «Халық банк» АҚ-ның бөлімшесі және " Қазпошта" АҚ ғимаратының алдына кезекке тұратын арнайы орындар белгіленген. Ақ түсті бояумен көрсетілген орындардың арақашықтығы – 1,5 метр.
Бұл зейнетақы, жалақы, жәрдемақы алу үшін келетін тұрғындардың бір-бірінен алшақ тұрып, қауіпсіздікті сақтау мақсатында қолға алынған шара. Осыған орай, аудан тұрғын дарынан арақашықтықты сақтауға, банк қызметкерлерінің талаптарын орындауға шақырамыз.
#бізбіргеміз
#үйдеболыңыз


