
Әр айдың басында қаладағы «Халық банк» пен «Қазпочта» бөлімшелеріне зейнетақы, жалақы, жәрдемақы алу үшін келетін тұрғындар саны артатыны белгілі. Сондықтан сақтық шараларын қадағалау мақсатында аталған мекемелердің алдында арнайы орындар белгіленіп, кезекте тұрғандар арасындағы 2 метр ара қашықтық қатаң сақталуда.
Бөлімшелерде қызметті алушылар тепловизормен тексеріледі және қолдары арнайы антисептикпен зарарсыздандырылады. Маскалық режим бақылауға алынған. Бетпердесі жоқ тұрғындарға әкімдік бетперде таратып беруде.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі



