
Түркістан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің 03.04.2020 жылғы №10 қаулысына сәйкес мәлімдеймін:
Төлеби ауданында Автовокзалдар мен автостанциялардың қызметі тоқтатылды. Қозғалыстың интервалын ұлғайтумен және линиядағы қозғалыс құрамын азайта отырып, дезинфекция режимін күшейтіп қалалық қоғамдық көліктің қозғалысы шектеледі.
Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан, заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларға (адамдар көп жиналатын объектілердің меншік иелері мен жалға алушыларына) техникалық және ұйымдастырушылық мүмкіндіктері болатын жағдайда, қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс режиміне көшіру ұсынылды.
Аудан аумағын дезинфекциялау мақсатында 40 дана ранцты аппарат алынып, аудандағы негізгі көшелерді толық дәрілеу жұмыстары басталды:
- азық-түлік дүкендері мен базарлар күнделікті;
- тротуарлар, жолдар және оларға іргелес аялдама кешендері жол қиылыстары, сауда алаңдарының сыртқы элементтері мен учаскелері, Ленгір қаласындағы жалпы 91 тұрғын үйлердің подъездері, ауласындағы ойын алаңшалары кестеге сәйкес залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Дезинфекция жүргізу кезінде денсаулыққа зиян келтірмеу үшін өңдеуден кейін 5 сағат ішінде көшеге шықпау ұсынылады.
Сонымен қатар, халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында 5 пост үздіксіз жұмыс атқаруда. Барлық елді мекендердің кіреберіс жерінде бекеттер орналасса, ауылдарда құрылған топтар тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Аудандағы «Тау Жұлдызы» базары мен 2 мал базары, 17 мейрамхана, мектептен тыс мекемелер, балабақшалар, сонымен қатар, 60 мешіт және исламдық емес 6 ғибадат орындары мен қоғамдық моншалардың жұмысы уақытша тоқтатылды.
Сырттан келген індетпен күресте әкімдікпен бірге аудандағы мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар, еріктілер белсене қатысуда.
Аудандағы барлық емдеу мекемелерінде карантин енгізіліп, ауруханада жатқан науқастарға келушілерді кіргізуге тыйым салынды.
Сонымен қатар әлеуметтік желілерде, бұқаралық және көрнекі ақпарат құралдарында, LED экрандарымен қатар мешіттер мен клубтарда, жылжымалы автокөліктерде дыбыстық күшейткіш аппаттары арқылы аудан тұрғындарына түрлі бағытта кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Құрметті аудан тұрғындары! Қазіргі таңда ауданда алаңдауға негіз жоқ. Төлеби ауданының аумағында коронавирус тіркелген жоқ. Сақтық шаралары күшейтілген тәртіпте жүріп жатыр.
Құрметті Төлеби ауданының тұрғындары!
Елде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты қауіптің алдын алу мақсатында жақындарымыз бен өзіміздің амандығымыз үшін сақтық шараларын бұлжытпай орындауға шақырамыз.
Құрметті жерлестер!
- бүгінгі күнде бетперде тағып жүру қатаң режимде сақталу қажет;
- Адам көп жиналатын жерлерге баруды;
- үйден себепсіз шығуды, көшеде топталып 3 адамнан артық жиналып, мақсатсыз жүруді;
- Барлық мезгілде кәмелетке толмаған балалардың бейберекет жүруін тоқтату қажет.
- Ауыл аумағына сырттан кіруге және шығуға тыйым салынады.
- азық-түлік базарларының жұмысы сағат 10:00-ден сағат 17:00ге дейін;
- асханалар мен кафелерде тапсырыс сағат 10:00-ден сағат 18:00-ге дейін өзімен алып кету режимінде жұмыс істейтін болады;
- Кез келген отбасылық мерекелер мен ас беру сынды жиындар тоқтатылсын.
- Аудан аралық байланыстың барлық қоғамдық көліктер мен жеке тасымалдау қызметтеріне шектеулер қойылды.
- Төлеби ауданына шет мемлекеттен және өзге де қалалардан іс-сапармен немесе қыдырып келген қонақтар болған жағдайда міндетті түрде жергілікті әкімшілікке хабар берулеріңіз қажет.
Барлық шектеулер мен ескертпелерді қатаң сақтау сұралады.
Ең бастысы еліміздің, отбасымыздың амандығын сақтау үшін үйіңізде болыңыз.
Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков



