ТӨЛЕБИДЕ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    ТӨЛЕБИДЕ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    Бүгінде аудан аумағында коронавирусқа қарсы күрес шаралары үзіліссіз жүргізіліп жатыр.

    Өткен аптада ауданның жоспарлы кестесіне сәйкес Ленгір қаласындағы Ленгір-Достық жолы, Қапал батыр, Әйтеке би, Қазыбек би, Д. Қонаев, көшелері дезинфекцияланды. Сонымен қатар аудан аумағындағы ауылдық округтерде де қауіпті дерттің алдын алу шаралары жүргізілуде.

    Залалсыздандыру жұмыстарына арнайы жасақталған еріктілер топтары, төтенше жағдай бөлімі мамандары мен өрт сөндіру машиналары жұмылдырылған.

    Ауданымызда COVID-19 індеті тіркелмеген. Тұрғындардан барлық шектеулер мен ескертпелерді қатаң сақтау сұралады.

    Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.