ТОҚАЕВ АРМЕНИЯДАН ӘКЕЛІНГЕН КӨЛІКТЕР ТУРАЛЫ ПІКІР БІЛДІРДІ

    ТОҚАЕВ АРМЕНИЯДАН ӘКЕЛІНГЕН КӨЛІКТЕР ТУРАЛЫ ПІКІР БІЛДІРДІ

    «Проблема әлі күнге дейін өзекті болып тұрғанымен келісемін. Адам жолын тауып, көрші елдерден автомобильді көптеп алып келді. Менің тапсырмаммен Бас прокуратура осы ахуалға құқықтық бағалау жүргізді. Бірқатар мемлекеттік құрылымның қызметіне наразылық бар. Бұған қоса, жекелеген тұлғалар заңнаманы бұза отырып және адамдарды алдап, мұнан за ңсыз бизнес құрып алған. Армениядан машина әкелу барысындағы алаяқтық әрекет фактілері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр», - деді Мемлекет басшысы.

    ҚР Президентінің атап өтуінше, ЕАЭО бойынша Қазақстанның кейбір серіктестерімен өзара іс-қимылда да бірқатар мәселе бар. Қазіргі уақытта олармен алдағы уақытта мұндай проблемалардың қайталануына жол бермеу үшін жұмыс жүргізіліп жатыр.

    «Үкіметке қазақстандық көлік иелерінің мүдделерін ескере отырып, Армениядан әкелінген автомашиналарды пайдалануды ретке келтіру бойынша қосымша ұйымдастырушылық шараларды әзірлеу тапсырылды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.