Қазақстан Республикасының Президентінің 15.03.2020ж. №285 Жарлығымен «COVID-19» короновирусы пандемиясының таралуына байланысты Төтенше жағдай белгіленді.
Аурудың таралуын алдын-алу мақсатында жергілікті атқарушы орган өкілдерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Алайда, уәкілетті органдармен жүргізілген рейдтік шаралар барысында карантин нормаларын сақтамаудың сауда-саттық орындарында 5 фактісі анықталды.
Олардың барлығы жауаптылыққа тартылды, 2 тұлға әкімшілік қамаққа алын ды, 3 тұлғаға айыппұл жазасы тағайындалды.
Атап айтқанда, азық-түлік дүкендерінде тұтынушыларға санитарлық нормаларды сақтамай қызмет көрсету, шектеу қойылған уақыттан кейін жұмыс жасау және қоғамдық тамақтану нысандарында «тұтынушыларға дейін жеткізу» принципін бұзған.
Сондай-ақ, жекелеген тұлғалардың арнайы рұқсатсыз тұрғылықты жерінен ұзап шығудың 2 фактісі анықталып, жауаптылыққа тартылды.


