
🔊Төтенше жағдай кезінде кірісінен айырылған азаматтар арнайы тағайындалатын 42500 теңгені ала алады.
____
🔺Кімдерге тиесілі?
- жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлеріне;
- карантин енгізілген елді мекендерде қызметін жүзеге асыратын, жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген ірі кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлеріне;
- жалдамалы еңбекті пайдаланбайтын жеке кәсіпкерлерге;
- жеке практикамен айналысатын адамдарға (жеке адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары, медиаторлар);
- бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға (бұдан әрі – БЖТ төлеушілер);
- азаматтық – құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыстар алатын жеке тұлғаларға (бұдан әрі – АҚС шарттары бойынша табыстар алатын тұлғалар);
- жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген коммерциялық емес заңды тұлғалардың қызметкерлеріне төленеді.
_____
🔺 Қалай алу керек?
Өтінішті қызметкердің өзі берген жағдайда үйде отырып-ақ, Egov.kz порталы арқылы өтініш беруге болады.
1) «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы;
2) Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (телеграмм) арқылы бере алады. Бұл ретте өтініште көзделген мәліметтер диалог форматында беріледі; Суретте көрсетеміз.
3) Enbek.kz портал арқылы (42500.enbek.kz сайты);
4) Әлеуметтік төлемді тағайындау бойынша проактивті форматта қызмет ала алады. Бұл жағдайда өтініш талап етілмейді».
Еске салайық: Әлеуметтік төлем төтенше жағдайдың қолданылу кезеңіне өтініш берілген күннен бастап бір рет тағайындалады және ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленеді.
🔺
Қызмет көрсету мерзімі үш жұмыс күнін құрайды. Қала тұрғындары үшін бірыңғай жиынтық төлем мөлшері – 2 651 теңге, ауыл тұрғындары үшін – 1 325 теңге.
Бірыңғай жиынтық төлемді жүзеге асыру жолдары:
Бірінші – Халық банк, Fortebank, Сбербанк, Jysan bank, Bank Center Credit, Каспи банктің мобильді қосымшаларында және «Қазпошта» бөлімшелерінде мобильді қосымшаларында;
Екінші – SMS – арқылы төлеу. Ол үшін 5505 нөміріне SMS жіберіп, қала тұрғындары үшін «GORODESP ИИН», ал ауыл тұрғындары үшін «SELOESP ИИН» деп көрсету қажет.



