Әділ Тұрсынов: Ресей-АҚШ-Қытай-ЕО диалогын бастау жөніндегі Елбасы бастамасын іскеасыру жаһандық пандемияны еңсеруде шешуші рөл атқаруы мүмкін

    Әділ Тұрсынов: Ресей-АҚШ-Қытай-ЕО диалогын бастау жөніндегі Елбасы бастамасын іскеасыру жаһандық пандемияны еңсеруде шешуші рөл атқаруы мүмкін

    ҚР Тұңғыш Президентінің кеңесшісі Ә.Тұрсынов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласына түсіндірме берді.

    «Бұл мақаланың тақырыбы - «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» және оның негізгі мазмұны, бұл, ең алдымен, барлығымызға, қазақстандықтарға бағытталғанын білдіреді», - деп атап өтті Ә.Тұрсынов.

    Сонымен бірге, ол қазіргі дағдарысқа қарсы күн тәртібінің халықаралық аспектілеріне қатысты маңызды хабарламаларға назар аударды.

    «Біріншіден, Н.Назарбаевтың тиімді сыртқы саяси доктринасының арқасында соңғы жылдары еліміз көрші ірі мемлекеттермен - Ресеймен және Қытаймен, сондай-ақ бауырлас Орталық Азия республикаларымен «тату көршілік белдеуін» құрды. Ынтымақты, көпвекторлы және бейбіт саясатты жүзеге асыра отырып, Қазақстан БҰҰ-ның құрметті және жауапты мүшелерінің қатарынан лайықты орын алды», - деді ҚР Тұңғыш Президентінің кеңесшісі.

    «Екіншіден, Елбасы өз сөзінде халықаралық аренада бір-біріне қолдау көрсетудің маңыздылығы туралы айтады. Бұл қағидат тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстанның сыртқы саясатында жүргізіліп келеді. Осыған орай, біздің еліміздің қазіргі дағдарыста әлемнің бірқатар елдеріне гуманитарлық көмек көрсетуі өте қисынды», - деп атап өтті Ә.Тұрсынов.

    Үшіншіден, оның айтуынша, Н.А. Назарбаев әлемдік державаларды «осы қиын жағдайдан сабақ алуға» шақырады. Біз коронавирустық пандемияға қарсы күресу үшін БҰҰ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, G7, G20 және басқа елдер мен халықаралық ұйымдар тарапынан айтарлықтай күш-жігер жұмсалып жатқандығын көріп отырмыз. Алайда, бірқатар объективті және субъективті себептерге байланысты, іс жүзінде нәтижелер әлі байқалмайды, бұл қазіргі сынаққа өте қажет біртұтас жаһандық жауаптың қалыптасуын қуаттар еді», - деді ол.

    Осы тұрғыда, Ә.Тұрсынов 2018 жылы Брюссельде өткен Азия-Еуропа саммитінде (АСЕМ) және 2019 жылы Пекинде өткен «Бір белдеу, бір жол» екінші форумында сөйлеген сөздерінде Елбасы Ресей, Қытай, АҚШ және Еуропалық Одақ арасында диалог құруға бастамашы болғанын еске салды. «Қазіргі дағдарыс Н.Назарбаевтың бұл идеясының өзектілігін растайды деп санаймын. Оны жүзеге асыру, әрине, қазіргі сияқты қиын жағдайларды сәтті еңсеруде шешуші рөл атқара алады. Сондықтан, Елбасы Ресей, Қытай, АҚШ және Еуропалық Одақ басшыларының адамзат болашағы, халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздік алдындағы ерекше жауапкершілігін атап өтті», - деп мәлімдеді Ә.Тұрсынов.

    Елбасы кеңесшісі сөзінің соңын Н.Назарбаевтың: «Енді бізге кедергілер тудыруға емес, бүкіл адамзат өркениетін дамытуға ықпал ететін жаңа саясат қажет», - деген сөзімен түйіндеді.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.