
Астана қаласы «Есіл» ауданының прокуратурасымен «Есіл» ауданының әкімдігімен бірлесіп, аудан кәсіпкерлерімен бизнестің жұмыс істеуі және оның даму барысында тексерістерге бизнесмендердің ресурстарының жұмсалмауын қамтамасыз ету және бақылау-қадағалау функциясының тиімділік дәрежесінің көтерілуін қамтамасыз ету мақсатында кездесу өткізілді.
Аталған іс-шара Астана қаласының кәсіпкерлер Палатасы, Астана қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының, Тұрғын үй инспекциясының, Өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасының, Тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармасының, «Есіл» ауданының ішкі істер басқармасының, төтенше жағдайлар басқармасының, «Есіл» ауданы мемлекеттік кірістер басқармасының, жергілікті полиция қызметі өкілдерінің қатысуымен өтті.
Кездесуде мемлекеттік органдардың кәсіпкерлердің жұмысына заңсыз араласудың алдын алу сұрақтары талқыланды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес кәсіпкерлер жұмысын тексерудің заңдылығы және Салық кодексінің талаптарын орындауға байланысты сұрақтар көтеріліп, сол жерде өз шешімдерін тапты.



