МЕРДІГЕРЛЕР САПАСЫЗ ЖАСАЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРЕДІ

    МЕРДІГЕРЛЕР САПАСЫЗ ЖАСАЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРЕДІ

    Рашид Абатұлы шаһардағы жаяу жүргіншілер жолы мен жол жиегінде анықталған келеңсіздіктерді қатаң сынға алды. Тұрғындарға қолайлы және жайлы жағдай жасау мақсатындағы жұмыстардың сапасына көңілі толмаған қала әкімі, жауапты азаматтардың жылдам қалпына келтіруін ескертті.
    Б. Саттарханов пен Тәуке хан даңғылдары, О. Жарылқапов, Қазыбек би, Б. Майлин, С. Ерубаев және өзге де көшелерде бақылау жүргізу барысында көгалдандыру, абаттандыру, жол, аяқжол, вело жол бойынша біршама кемшіліктер орын алған.
    Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Б. Оразбеков ретке келтіру жұмыстарын осы аптада бастап, бір ай ішінде аяқтайтынын айтты. Ол үшін, аталған көшелерге мердігерлік етіп, жөндеу жұмыстарын жасағандар көрсетілген келісім мен қойылған талап бойынша жұмыс жасайды. Алдағы уақытта да мұндай жайттар орын алмас үшін орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатқан көшелердегі бақылау жұмыстары күшейтіледі. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерге жол сапасы бойынша тұрғындардан түсіп жатқан шағымдар қаралып, жауаптыларға жіберілуде.
    Жалпы, биылғы жылы Түркістан қаласында инфрақұрылымы аяқталған 100-ге тарта көшеде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бүгінде оның 30-нан астамында жөндеу жұмыстары басталып, жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орнына айналды.

    Түркістанда қашықтықтан оқыту бойынша call орталық қарастырылған. Осы уақытқа дейін 20 қоңырау шалынып, 6 отбасына өз өтініштері бойынша мектептен уақытша компьютер берілді. 3 жанұя демеушілер тарапынан интернет трафигіне қосылды.Жалпы, қашықтықтан оқыту бойынша 312 мұғалімге және 452 оқушыға уақытша пайдалануға мектептен компьютер берілді.
    Айта кетейік, еліміздегі төтенше жағдайға байланысты 5-8 және 10-сыныптарда сыныптан-сыныпқа көшу емтихандары, 9, 11-сыныптарда аттестаттау өткізілмейді. Сондай-ақ, қорытынды аттестаттау жылдық бағалар нәтижесімен ғана шығады.

    Өткен сенбіде шатыры өртенген екі қабатты тұрғын үйлердің бүгінде жөндеу жұмыстары басталды. Жан жағындағы ретсіз салынған қосымша ғимараттар бұзылып, аула тазаланып та қойды.
    Бір ай ішінде тұрғындар өз баспаналарына қайта оралады деп жоспарланған. Әзірше, тұрғындардың басым бөлігі туыстарының үйінде. Қалғандары әкімдік тарапынан қарастырылған жайға орналастырылған. Оған қоса, үш мезгіл тамақ та беріледі.
    Өрт кезінде біршама азамат құжатсыз да қалған еді. Қала әкімдігіне қарасты "Халықтық кеңсе" оларға жақын арада құжаттарын дайындап, қолдарына тапсырады.

    Көлік иелері, өкінішке қарай, ережеге қайшы жерлерді де тұрақ ретінде пайдаланып келеді. Бұл әрекеттері жаяу жүргіншілер мен басқа да азаматтарға қолайсыздық туғызып, шағымдар түсуде.
    Қазіргі уақытта осындай заңсыздықтардың алдын алу үшін рейд жұмыстары жалғасуда. Мәселен, жыл басынан бүгінгі күнге дейін жолаушылар және жүк тасымалдау қағидаларын бұзу бойынша 35 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бес айлық көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған.
    "Біздің басты ниетіміз айыппұл салу емес, тәртіп орнату", - деген Рашид Абатұлы апталық мәжіліс барысында жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы А. Тоқбергеновке жіті назарына алу қажеттілігін ескертті.
    Базарлар маңындағы бір ғана автотұрақтың мемлекеттік төлқұжаты бар болып шықты. Заңсыз ақылы автотұрақ жасағандар тәртіп сақшыларының назарында. Осы мақсатта, заң бұзушы мекемелерге ескерту жасалып, "Ақысыз автотұрақ" жазуы бар тақтайшалар орнатылуы тапсырылды.

    Түркестан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.