ТҮРКІСТАНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ТОҚТАМАЙДЫ

    ТҮРКІСТАНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ТОҚТАМАЙДЫ

    Рашид Абатұлы жауапты бөлім басшыларымен бірге әкімшілік-іскерлік орталықтағы 7 қабатты 24 және 12 қабатты 46 тұрғын үйлер құрылысы жұмысын бақылады.

    Болашақта аталған тұрғын үйлер түркістандық отбасылардың жаңа құтты қонысына айналады. Рашид Абатұлы қазіргі қолданыстағы кей тұрғын үйлерге шағым айтылатынын ескеріп, сапалы жұмыс жасау үшін апта сайын, құрылыс басына барып, жағдайды бақылауда.

    Айта кетейік, құрылыс нысандарына 700-ге жуық жұмысшыға сұраныс бар. Яғни, жұмысшылар санының жетіспеушілігі де жоқ емес.

    Бақылау барысында, барлық құрылыс алаңдарынан шығатын көліктердің таза болуы үшін көлік жуу орындарын орнату ескертілді. Жалпы, Түркістанда құрылыс жұмыстары тоқтамайды.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.