
Бүгін Көліктегі полиция департаментінде Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына сәйкес ҚР Ішкі істер министрі Е.З. Тұрғынбаевтың 2020 жылғы 3 сәуірдегі бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарған және жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізген бірқатар қызметкерлер марапатталды.
Атап айтқанда, Көліктегі полиция департаменті Тергеу басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Айдар Сейтжапаровқа мерзімінен бұрын «полиция полковнигі» атағы берілді. Сондай-ақ, КПД Тергеу басқармасының аға анықтаушысы, полиция майоры Әлия Құсайынова «Құқықтық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен, ал Нұр-Сұлтан станциясы Желілік полиция басқармасы тергеу бөлімінің аға тергеушісі Мәдениет Кайпеков «Қазақстан Республикасының ІІМ» грамотасымен мараптталды.
Марапаттарды Департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Сарықұл Жоланов тапсырды.


