
Науқастардың бірі 22 жастағы Батыс Қазақстан облысының, екіншісі 23 жастағы Ақтөбе облысының тұрғыны.
Екі науқас та Ресей Федерациясында вахталық әдіспен жұмыс жасайтын бұрын коронавирустық инфекция анықталған азаматпен бірге келген. Азаматтар байланыста болған тұлғалар ретінде анықталып, карантиндік стационарда оқшауланған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 2 пациентте де COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі уақытта пациенттер облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.
Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.
17.04.2020 жылғы жағдай бойынша облысымызда COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 32 адам анықталды.
17.04.2020ж. жағдай бойынша
Облысымызда коронавирустық жұқпадан 2 адам жазылып шықты.
Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында – 30 адам, провизорлық стационарда – 148, карантиндік стационарда – 81, үй оқшаулауында – 1396 адам дәрігерлер бақылауында.



