
Түркістан қаласы аумағын суландыру бағытында көшелер бойынан ирригациялық каналдар мен арықшалар салынуда. Қазіргі таңда ирригациялық арықтарды абаттандыру, тазалау және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
⠀
Кентау тас жолы бойында 8,4 шақырым, айналма тас жолы бойынан полиция басқармасы ғимаратына дейінгі 7,5 шақырым және айналма тас жолы бойынан Байбұрт көшесіне дейінгі 3,7 шақырым арықшалар тазаланған.
⠀
Жазда ыстықтан қорған болуға сеп болатын жоба Арыс-Түркістан каналынан бастау алады. Жоба мақсаты халыққа тек салқын ауа сыйлап, экологияны жақсыртып қана қоймай, онда шомылуға да мүмкіндік береді.
⠀
Ирригациялық каналдар құрылысы
барысында 8300 метр бетон арықтар, сондай-ақ вело және аяқжолдар салынып, орындықтар, қоқыс жәшіктері орнатылды.
⠀
Түркістан қаласының көшелерін суландыру және көктемгі мезгілде жауыннан кейін жиналатын шайынды суды қала шетіне шығару мақсатында жоба қарастырылуда. Жоба бойынша ирригациялық арықшалардың құрылысын 3 кезекке бөліп іске асыру жоспарланған. Ол үшін Түркістан облысы Энергетика және Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім жолданды.
⠀
1-кезекте 38 көшенің бойындағы арықшалар 21,3 шақырымды;
⠀
2-кезекте 31 көшенің бойындағы арықшалар 30,6 шақырымды;
⠀
3-кезекте 22 көшенің бойындағы арықшалар 51,0 шақырымды құрайды;



