
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес әскери міндеттілер арнаулы жиындарға шақырыла бастаған болатын. Осы мақсатта, Түркістан қаласы тұрғындарының қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау мақсатында 50 азамат арнайы әскери міндетіне кірісті.
⠀
Қалалық қорғаныс істері басқармасында медициналық комиссиядан өтіп, сапқа тұрғызылғандарға облыс әкімі Ө. Шөкеев сәттілік тілеп, төтенше жағдайдағы жанашыр қызметтері үшін алғыс білдірді.
⠀
Жалпы Түркістан облысында 230 әскери міндетті болса, соның 50-і Түркістан қаласына жұмылдырылды. Олар бұған дейінгі қызметіндегі айлығын алып отырады. Ал, егер жұмыс істемеген болса, 42500 теңге көлемінде қаржы беріледі. Сондай-ақ, тамақ, киім-кешек, медициналық көмек түрлері жасалады.
⠀
Өз еркімен келгендер 19 мамырға дейін елмен, халықпен бірге екендіктерін көрсетіп, індеттің таралмауына сеп болады. Блок-бекеттерде тәртіпті күшейтіп, залалсыздандыруды жандандырады. Айта кетейік, әскерилер қатарында Түркістан қаласы әкімінің аппарат басшысы да бар

