
Құрметті жерлестер!
Бүгін ауданымыздың 1 тұрғынынан коронавирус инфекциясына оң көрсеткіші анықталды.
Бұл азамат 1960 жылғы туған Қасқабұлақ ауылының тұрғыны.
Бұл азамат барлық қауіпсіздік шаралары сақтала отырып, Семей қаласындағы инфекциялық емханаға жеткізілді.
Бекітілген алгоритмге сәйкес, жақын қарым қатынаста болған азаматтар анықталып, жедел профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.
Өздеріңіз көріп отырғандай әлемді шарлаған қауіпті індет біздің ауданымызды да айналып өтпеді.
Бұл қауіпті кеселдің алдын алу шаралары - адамдармен қарым қатынасты тоқтату, гигиена талаптарын қатаң сақтау, аса қажетті жағдай болмаса үйден шықпау.
Тұрғындарға еліміздегі төтенше жағдайға немқұрайлы қарап, енгізілген карантиндік режимін бұзуға жол берілмейді.
Аудан тұрғындарынан үйде болу, қажетсіз қарым қатынасқа түспеу қатаң талап етіледі.
Көлік жүргізушілерге кешкі сағат 21:00-ге дейін жұп және тақ сандары бойынша тиісті күндері жүруге рұқсат.
Ал түнгі уақытта, сенбі, жексенбі және мереке күндері көлік қозғалысына тиым салынады.
Аудан бойынша төтенше жағдай режимін бұзған азаматтарға қатаң шаралар қолданылып, жауапкершілікке тартылатынын ескертемін.
Бұл талаптар аудан халқының амандығы үшін жасалынып жатқан қатаң шаралар.
Үйде болыңыздар! Сол арқылы Сіздер коронавирусты жеңуге өз үлестеріңізді қосасыздар.
Бұл қауіпті кеселді жеңу - әрбір аудан тұрғынының өз қолында!


