ӘСКЕРИЛЕР 1 МЛН ШАРШЫ МЕТРГЕ ЖУЫҚ ЖЕРДІ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРДЫ

    ӘСКЕРИЛЕР 1 МЛН ШАРШЫ МЕТРГЕ ЖУЫҚ ЖЕРДІ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРДЫ

    Рашид Абатұлы 2 сәуір күні Түркістан қаласына жұмылдырылған 200-ге тарта әскериді күтіп алған болатын. Олар қаладағы 7 блок-бекеттегі тәртіп пен қауіпсіздікті күшейтіп, бүкіл қала аумағын залалсыздандыруға атсалысты.

    Алғашқы залалсыздандыру жұмысы қалаға келген қонақтар бірінші аяқ басатын Теміржол вокзалынан басталған еді. Бүгін, яғни 21 сәуірге дейін әскерилер шаһардағы 17 секторда орналасқан тұрғын үйлер, көпқабатты үйлер, аялдамалар, жолдар, вело және аяқжолдар, кәсіпкерлік нысандар, жалпы 557 нысан, яғни, 1 млн. шаршы метрге жуық жерді дезинфекциялады.

    Облыс орталығындағы індеттің таралуының алдын алу жұмыстары одан әрі күшейтіледі. Әсіресе, карантин режиміндегі қалада жұмысын тоқтатпаған аумақтарда залалсыздандыру жұмыстары жүйелі жүретін болады. Оған тек әскерилер ғана емес, сондай-ақ, әскери міндеттілер де атсалысады.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.