БЕКІТЕМІН
Маңғыстау облысының әкімі
_______________ С.Ө. Тұрмов
«__» ақпан 2020 жыл
Түпқараған ауданы әкімінің тұрғындармен есепті кездесулерінде түскен ұсыныс – пікірлерін іске асыру шараларының жоспары | ||||
1. |
Форт-Шевченко қаласының орталық көшелерін орташа жөндеуден өткізу мәселесі |
2020 жыл IV тоқсан |
А. Қосуақов |
Форт-Шевченко қаласының орталық көшелеріннің асфальт жолдарын орташа жөндеу ден өткізуге 2019 жылдың қараша айында мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес конкурс жарияланып, «ПромСтройСервис» ЖШС жеңімпаз мердігер болып анықталды. Келісім шарт жасақталды, құны 192 142,0 мың теңге. Жоба аясында М. Әбдіхалықов, Н. Оңғалбайұлы, Д. Тәжіұлы көшелерінің 5,1 км жолы жөндеуден өткізілетін болады. Жұмыстар наурыз айының 3-ші декадасында бастау алады деп күтілуде. |
2. |
Сайын Шапағатов ауылдық округінен дәрігерлік амбулатория салу бойынша ұсыныс енгізілсін |
2020 жыл IV тоқсан |
Қ. Жұмашев Ә. Сағымбаев А. Қосуақов |
Сайын Шапағатов ауылдық округінен модульдік типтегі медициналық амбулатория салу үшін құжаттары дайындалды. Алдағы сессияда қаражат сұрау үшін облыстық денсаулық басқармасына құжаттары тапсырылды. |
3. |
Жұмыссыз тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесі |
2020 жыл IV тоқсан |
Қ. Жұмашев Ж. Досполова А. Қосуақов |
2020 жылға жоспарлы құрылатын жаңа жұмыс орындар саны -2160. Оның ішінде 1620 тұрақты, 540 уақытша жұмыс орындарын құру жоспарланған. «Енка Иншаат Ве Санаии» мекемесі, «Ақтау Агро» ЖШС есебінен жаңа жұмыс орындары құрылады деп күтілуде. Сонымен қатар «Енка Иншаат Ве Санаии» мекемесіне 532 түйіндеме жолданды. Қазіргі таңда аудан бойынша 409 адам ресми жұмыссыз ретінде тіркелген. |
4. |
Аудандағы ауыз су мәселесі |
2020 жыл IV тоқсан |
Б. Қашақов А. Хамиев А. Қосуақов |
Аудан бойынша қолданыстағы орталықтандырылған ауыз су құбырының ұзындығы 395,5 км құрайды. Қазіргі таңда Форт-Шевченко қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес, ұзындығы 67,1 км болатын ауыз су құбырының құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары осы жылдың наурыз айында аяқталып, қолданысқа беріледі деп күтілуде. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін қаланың тұрғындарын 90 % орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Сондай-ақ, ауыз су мәселесі Баутин ауылының Аташ елді мекенін ауыз сумен қамту үшін жоба жасақталу қажет. Қызылөзен ауылына ЖСҚ жасақтауға тапсырыс беріліп, мемлекеттік қорытындысы ағымдағы жылдың тамыз айында шығады. |
5. |
Тұрғын үй мәселесін шешу үшін тұрғын үй құрылыстарын салу мәселесі |
2020 жыл IV тоқсан |
Н. Аққұлов Ш. Тәжіғараев А. Қосуақов |
Қазіргі таңда, тұрғын үй кезегінде 805 адам тіркелген. Форт-Шевченко қаласында 80 пәтерлі 3 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары мамыр айында аяқталатын болады. Сонымен қатар, 72 пәтерлі тұрғын үй құрылысын салуға 727,2 млн.қаражат қажет. Биыл осы жұмысты бастау үшін 20,0 млн.теңге қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді деп күтілуде. Қосымша Форт-Шевченко қаласына 72 пәтерлі тұрғын үй құрылысының ЖСҚ жасақтау жұмыстары жүргізіліп, қорытындысы осы жылдың маусым айында сараптамадан шығатын болады. Жалпы, ауданның Сайын Шапағатов ауылында 64 пәтерлі тұрғын үй құрылыстарының ЖСҚ жасақтау осы жылы жоспарлануда. Конкурс берілетін болады. |
6. |
Мұнайлы ауданындағы су ағысы нашар «Нұрмағанбет» жер асты құдығының су көзін ашып беру мәселесі |
2020 жыл IV тоқсан |
Б. Қашақов С. Қалдығұл А. Қосуақов Р. Елтизаров |
Жер асты су көзі өте терең қабатта орналасқан фонтан болып табылады. Су көзін қайта қазу ірі мұнай өндіруші мекеме-кәсіпорындардың көмегін қажет етеді. Осыған байланысты Мұнайлы ауданының әкімдігімен бірге мұнай компанияларымен келіссөздер жүргізілетін болады. |
7. |
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң талаптарына сәйкес бюджеттік мекеме қызметкерлеріне және жетім балаларға берілген тұрғын үйлерді жекешелендіру мүмкіндіктері қаралсын |
2020 жыл IV тоқсан |
Н. Аққұлов Б. Қашақов А. Хамиев А. Қосуақов |
Бюджеттік мекеме қызметкерлеріне, жетім балаларға берілген үйді жекешелендіру үшін, қазіргі таңда тұрғын үйлерге тартылған инфрақұрылым нысандары мен құрылыс имараттарын бөліп, ажыратып бағалауға қажетті қаражат мөлшері анықталды. Наурыз айында жоспарланған аудандық мәслихат сессиясында қаражаты қаралып, бөлінеді деп жоспарлануда. Қажетті қаражат бөлінгеннен кейін мемлекеттік сатып алу конкурсына ұсынылып, жұмыстар жүргізілетін болады. |
8. |
Шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту мақсатында кәсіпкерлерге одан әрі қолдау көрсетілсін, кәсіпкерлік жобалар әрдайым сүйемелденсін, кәсіп ашуға ниет білдірген азаматтарға жер бөлу мәселесіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалары аясында бекітілген Бас жоспарға сәйкес аукциондар мен конкурстар жиі ұйымдастырылсын |
2020 жыл |
А. Қосуақов |
Шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту мақсатында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылға арналған «Еңбек» бағдарламасының» екінші бағыты «Бастау Бизнес» қысқа мерзімді курсына оқыту наурыз айында бастау алады. Оқуға үміткерлерді тізімдеу қала, ауыл әкімдіктері арқылы жүргізілуде. Сонымен қатар 2019 жылы ауданда 2 аукцион өтті, оған кәсіпкерлік мақсаттағы көлемі 8,8 га болатын 18 жер учаскесі шығарылып, нәтижесінде көлемі 7,9 га болатын 6 жер телімі 10,8 млн. теңгеге сатылды. 2020 жылыда бас жоспарға сәйкес жер телімдеріне конкурстар жариялау жоспарлануда. 06.03.2020ж. аукцион өткізу жоспарлануда, аукционға 12 жер учаскесі шығарылатын болады. Сонымен қатар 12 жер учаскесі сәуір айында конкурсқа шығару жоспарлануда. |
9. |
Форт-Шевченко қаласынан су тұщыту қондырғысының жобалық-сметалық құжаттамасының қортындысы алынсын |
2020 жыл II тоқсан |
Б. Қашақов А. Хамиев А. Қосуақов |
Форт-Шевченко қаласынан су тұщыту завотының жобалық-сметалық құжаттамасының жасақтауға конкурс беруге облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасына ұсыныс берілді. Сараптама қорытындысы осы жылдың қазан айында шығу жоспарланды. |
10. |
Сайын Шапағатов ауылдық округінің 6 орамына ауыз су құбырын жүргізу құрылысы аяқталсын, бақылауға алынсын |
2020 жыл IV тоқсан |
Н. Аққұлов А. Хамиев А. Қосуақов |
Сайын Шапағатов ауылдық округінің 6 орамына ауыз су құбырын жүргізу құрылысының мердігері «СК-ТрансКомСтрой» ЖШС, аталған жұмыстарды осы жылдың тамыз айына дейін аяқталу жоспарлдануда. |
11. |
Жаз мезгілінде жасыл желектерді суару қамтамасыз етілсін |
Жыл бойына |
А. Қосуақов |
Қала, ауыл әкімдерімен жасыл желектерді суару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда жасыл желектерді түгендеу жүргізіліп, есебі шығарылды. Жаз айларында жасыл желектерді суару жұмыстары жүргізілетін болады. |
12. |
Форт-Шевченко қаласының Жаңа кетік шағын ауданына 7,1 км автомобиль жолының құрылысын бастау |
2020 жылғы IV тоқсан |
А. Қосуақов |
Форт-Шевченко қаласының Жаңа кетік шағын ауданына 7,1 км автомобиль жолының құрылысы бойынша шағын қала бағдарламасына енгізіліп, осы жылы қаражат бөлуге, Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық экономика министрлігіне ұсынылды. |
13. |
Форт-Шевченко қаласынан 72 пәтерлі тұрғын үй құрылысын бастау |
2020 жылғы IV тоқсан |
А. Қосуақов |
Бүгінгі таңда, Форт-Шевченко қаласынан 72 пәтерлі тұрғын үй құрылысын салуға 727,2 млн.теңге қаражат қажет. Бұл нысанды бастауға республикалық бюджеттен 20,0 млн. тенге қаражат қаралды. |
14. |
Ақшұқыр ауылынан спорт кешенінің құрылысын бастау |
2020 жылғы III-IV тоқсан |
А. Қосуақов |
Ақшұқыр ауылынан спорт кешенінің құрылысының қаражаты 440,0 млн. теңгені құрайды. Аталған нысанды қаржыландыру мақсатында, НКОК компаниясына ұсынылды. |
15. |
Бегей тұрғын үй алаңын және Ақшұқыр ауылын газбен жабдықтау құрылысын аяқтау (886 участок) |
2020 жылғы III тоқсан |
А. Қосуақов |
Бегей тұрғын үй алаңын және Ақшұқыр ауылын газбен жабдықтау құрылыс (886 участок) жұмыстары мамыр айында аяқталатын болады. |
16. |
Ақшұқыр ауылының жоғарғы және төменгі бөлігі деп аталатын жол құрылысын аяқтау |
2020 жылғы III тоқсан |
А. Қосуақов |
Ақшұқыр ауылының жоғарғы және төменгі бөлігі деп аталатын жол құрылысының жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстарға 2019 жылы жоғарғы бөлігіне 43,8 млн. теңге, төменгі бөлігіне 9,8 млн. теңге бөлініп, игерілді. Жолдың жоғарғы бөлік жұмыстары бойынша мектепке дейін 1,2 км асфальт жолдың құрылысы, жолдың төменгі бөлігі жұмыстары бойынша 1 км қатқыл табанды тұғыры жасалды. Осы жылы республикалық бюджеттен жоғарғы бөлігіне 76,0 млн. теңге, төменгі бөлігіне 76,0 млн. теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстарын толықтай аяқтауға бюджеттен 396,0 млн. теңге қажет. |
17. |
Сайын Шапағатов ауылдық округінің ауыл ішілік жоғарғы жіне төменгі деп аталатын жол құрылысының ЖСҚ-ның қортындысын мемлекеттік сараптамадан алу |
2020 жылғы III тоқсан |
А. Қосуақов |
Сайын Шапағатов ауылдық округінің ауыл ішілік жоғарғы бөлігі ЖСҚ-сы 2019 жылдың желтоқсан айында мемлекеттік сараптамаға ұсынылды. Сараптама қаражатының 30% яғни 422,0 мың теңге төленді. Осы жылдың наурыз айында ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан шығаруға бюджеттен 983,0 мың теңге қаражат бөлу қажет. Автожолдың төменгі бөлігі ЖСҚ мемлекеттік сараптамаға ұсыну үшін, бюджеттен 1,4 млн. теңге қаражат қажет. |
18. |
Сайын Шапағатов ауылдық округінен Мәдениет үйінің құрылысын бастау |
2020 жылғы IV тоқсан |
А. Қосуақов |
Сайын Шапағатов ауылдық округінен Мәдениет үйінің құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасының сараптама қорытындысы наурыз айының соңында шығарып, НКОК компаниясына ұсынылатын болады. |
19. |
Ақтау - Форт-Шевченко автомобиль жолынан Қызылөзен ауылына дейінгі 8 км жолды жөндеуден өткізуді бастау |
2020 жылғы III тоқсан |
А. Қосуақов |
Аудандық маңыздағы Қызылөзен ауылына дейінгі кіреберіс 8 км автокөлік жолының құрылысы бойынша 21.01.2020 жылы мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес, конкурсқа ұсынылды, 15.03.2020 жылы конкурс қорытындысы шығып, мердігер мекеме анықталғаннан кейін жөндеу жұмыстары басталады деп күтілуде. |
20. |
Қызылөзен ауылынан спорт кешенінің құрылысын мемлекеттік-жекешілік әріптестік арқылы бастау |
2020 жылғы IV тоқсан |
А. Қосуақов |
Қызылөзен ауылында спорт кешені «Қарағантүбек» ЖШС және облыстық мәслихат депутатты, меценат С.Мусабаев демеушілігімен салынады. Қызылөзен ауылы әкімдігі спорт кешен салуға жер телімі берілді. Спорт кешенінде 5 түрлі үйірме түрлері жоспарланған. Олар: футбол, волейбол, қазақ күресі, бокс, шахмат. |
21. |
Қызылөзен ауылына ауыл ішілік ауыз су құбырын жүргізу құрылысының ЖСҚ-ның қортындысын мемлекеттік сараптамадан алу |
2020 жылғы III-IV тоқсан |
А. Қосуақов |
Қызылөзен ауылына ауыл ішілік ауыз су құбырын жүргізу құрылысының ЖСҚ-ның қортындысы осы жылдың шілде айында алынатын болады. |
22. |
Баутин ауылының Ж. Мыңбаев мектеп гимназиясын күрделі жөндеуден өткізу құрылысының ЖСҚ-ның қортындысын мемлекеттік сараптамадан алу |
2020 жылғы III тоқсан |
А. Қосуақов |
Баутин ауылының Ж. Мыңбаев мектеп гимназиясын күрделі жөндеуден өткізу құрылысының ЖСҚ-ның қортындысы осы жылдың мамыр айында алынатын болады. |
23. |
Баутин ауылының М. Горький мектеп-лицейін күрделі жөндеуден өткізу құрылысының ЖСҚ-ның қортындысын мемлекеттік сараптамадан алу |
2020 жылғы III тоқсан |
А. Қосуақов |
Баутин ауылының М. Горький мектеп-лицейін күрделі жөндеуден өткізу құрылысының ЖСҚ-ның қортындысы осы жылдың мамыр айында алынатын болады. |
24. |
Баутин ауылынан спорт кешенінің құрылысын бастау |
2020 жылғы III тоқсан |
А. Қосуақов |
Баутин ауылынан спорт кешенінің құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасының сараптама қорытындысы осы жылдың наурыз айына алынып, НКОК компаниясына ұсынылатын болады. |



