Кезекті құрғақ шөптің жануы

    Кезекті құрғақ шөптің жануы

    Өткен тәулік ішінде Шығыс Қазақстан облысында 52 құрғақ шөптің өртенуі тіркелді. Облыс аумағындағы ауа райының жылынуы және желдің күшейе түсуі жану санының көбеюіне ықпал етуде. Өрт сөндіру бөлімдері тағы да жанып жатқан шөптерді сөндіруге шығады, осының барлығы тұрғындардың отпен абайсыздық танытуынан және қоқысты дұрыс жақпауы салдарынан далалық алқаптар мен қурайлар өртке орануда. Өртенген жерлердің жалпы алаңы 206 га құрайды.
    Мәселен, Глубокое ауданында 45 га алаңға жайылған жалын сөндірілді. Өрттің шығуына жанында орналасқан қойманың қоқыстарын жағуы себеп болған. Алапат отпен №5 ӨСБ өрт сөндірушілері мен жергілікті әкімшіліктің адамдары күресті. Даланың жануы 4 сағат дегенде ауыздықталды.
    Келесі адымы кеңге тараған өрт Үржар ауданындағы Барақбай учаскесінде тіркелді. Жолдың бойында орналасқан бұл маңда адамдардың отпен інжарлық танытуынан дала өртінің шығуына әкеп соқты. Лаулаған жалын ескен желдің екпінімен 35 га аумаққа тараған. Төтенше жағдайға 2 техника, 10 адам тартылды.
    Облыс тұрғындарына қоқысты көзден таса қылмай бақылап тұрып, желсіз ауа райында, арнайы ыдыста және алғашқы өрт сөндіру құралдары (су, құм) бар кезде ғана жағу керектігін еске сала кеткіміз келеді. Өрт кезінде 101-ге қоңырау шалыңыз.

    Глубокое ауданының ТЖБ

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.