
Құрметті аудан тұрғындары!
Қадірлі мұсылман қауым!
Баршаңызды өздеріңіз асыға күткен, мұсылман жамағатына қадірлі ай – Рамазан яғни, ораза айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Ораза – адамзат баласын сабырлылыққа тәрбиелеп, бардың бағасына жетіп, әлеуметтік тұрғыда әлсіз топтарға қайырымдылық жасауға шақыратын қасиетті ай. Ата-бабамыз ораза айын ерекше ыждахатпен қарсы алып, әр күнін мәнді өткізуге тырысқ ан. Бізге де бабалар салған сара жолдан үлгі алу маңызды. Бұл біздің ғасырдан жалғасып келе жатқан ғұрпымыз. Биылғы әлемде орын алған жағдай әр пендені сабырлыққа шақырып, әркім өз отбасымен, бала-шағасымен бірге болуы індеттің алдын алу үшін маңызды екенін түсіндірді.
Құрметті ағайын!
Ардақты әлеумет!
Үлкен тәрбие мектебі, рухани кемелденуге бастайтын Рамазан айының басталуымен баршаңызды тағы да құттықтай отырып, жанұяларыңызға амандық, толағай табыс, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Осы Рамазан айында сабырлық таныта отырып, еліміздің бірлігі мен тыныштығы арқасында келесі Рамазан айына аман-есен жетейік демекпін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Құрметпен, аудан әкімі Айбек Қосуақов!


