
«НЫҒМЕТ НҰРМАҚОВ – ТАРИХИ ТҰЛҒА»
аймақтық ғылыми - тәжірибелік
конференция
25.04 сағат 11.00 онлайн форматында
Ұйымдастырушылар:
Академик Евней Арыстанович Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университеті тарих факультеті, «Тұлғатану» ғылыми – зерттеу орталығы;
Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп – интернаты
Конференцияның мақсаты:
Ірі мемлекет және қоғам қайраткері, өз заманының құқық саласындағы
жаңашыл, ізденімпаз реформаторы, өзінің игі қызметін ел бостандығын,
егемендігін жақындатушы, дарынды публицист және журналист, қазақ
өнері мен мәдениетінің қамқоршысы Н.Нұрмақовтың өмірі мен
қызметінің ғибратын насихаттау.
Конференцияға қатысушылар:
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Нүкенов Абзал Нүкенұлы,
облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Алтынбеков Бекзат Қомарұлы,
Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Құсайын Ерлан
Бейсембайұлы, Қарағанды облысы рухани жаңғыру офисының басшысы
Жұмағұлов Айтбай Ботбайұлы.
Қарағанды мемлекеттік университеті ғалымдары, магистранттары
және студенттері, Қарағанды қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет
басшысы Абдикерова Бахытгүл Химальдиновна, Балқаш қаласы Әлихан
Бөкейхан атындағы мектеп – гимназия директоры Дүбірбекова Қарлығаш
Шакаримовна, Мағжан Жұмабаев атындағы №39 гимназия директоры
Жәлелов Абылай Армияұлы, Әлихан Бөкейханов атындағы №76 мектеп
директоры Күзембаев Мартбек Қайыркенович, Нығмет Нұрмақов
атындағы мамандандырылған мектеп – интернатының ұстаздары және
жоғарғы сынып оқушылары.
Конференцияның ғылыми бағыттары:
- Нығмет Нұрмақов – ірі мемлекет және қоғам қайраткері
- Алаш зиялылары және Нығмет Нұрмақов
- Нығмет Нұрмақов және Тәуелсіз Қазақстан
Модераторы: «Тұлғатану» ғылыми – зерттеу орталығының директоры,
т.ғ.к., доцент Бейсенбекова Нұрсахан Ахметовна
Кіріспе сөз: Қарағанды облысы білім басқармасы басшысы Иманғалиев
Есенғазы Нұртөлеуұлы
➢ Облыс әкімінің құттықтау сөзі.
➢ «Нығмет Нұрмақовқа арнау» Байжаханова Аяулым 8 сынып
оқушысы (оқушы өз өлеңі)
➢ Тарихи Тұлға және Тәуелсіз Қазақстан (Бейсенбекова Нұрсахан
Ахметовна)
➢ Нығмет Нұрмақов - Қазақстан халық комиссарлар кеңесінің
төрағасы» (Қарағанды политехникалық университетінің аға
оқытушысы, т.ғ.к Сәуле Сүйіндікқызы Қасымова)
➢ Нығмет Нұрмақовтың сыртқы саясатқа байланысты жазған
тағылымды түйіндері «Еуразия – гуманитарлық институты және
Астана халықаралық университетінің доценті, т.ғ.к. Өскембаев Қанат
Садуақасұлы »
➢ «Тәуелсіздік бастауында тұрғандар» Теміртау білім басқармасы
басшысы Әшім Есентай Мұқатайұлы
➢ Нығмет Нұрмақов және Алаш арыстары (облыстық «Ortaliq
Qazaqstan» газетінің тілшісі, ақын Жәлел Шалқар)
➢ «Нығмет Нұрмақов мектебі: кеше, бүгін, болашақта» (мектеп
директоры Сұлтанов Сейфулмалик Абзалұлы)
➢ Алаш арыстарының ұстанымы (Ахмет Байтұрсынов атындағы
№41 мектеп – гимназия директоры Баймолдина Жадыра Сабыровна)
➢ Пікірсайыс
➢ Қорытынды сөз



