Нұр-Сұлтан қаласында екі апта ішінде жаңа модульды жұқпалы аурулар ауруханасысалынды

    Нұр-Сұлтан қаласында екі апта ішінде жаңа модульды жұқпалы аурулар ауруханасысалынды

    Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласында 13 күн ішінде коронавирустық инфекциямен ауырған науқастарға арналған госпиталь салынды. Құрылыс тез тұрғызылатын ғимараттарды салу технологияларын пайдалану арқылы модулдік блоктардан құрастырылған.

    200 орынға есептелген клинка медициналық персонал мен науқастардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қазіргі заманғы құралдарымен жарақталған. Аурухана Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының барлық нормаларына сай келеді.

    Медициналық мекеменің жалпы алаңы 7 мың шаршы метрді құрайды. Оны салуға ел бюджетінен 5,5 млрд. теңге бөлінген болатын.

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі апта ішінде салынған жаңа аурухананы аралап көрді. Ол мекеме қызметкерлерімен кездесіп, науқастарды емдеуге арналған, барлық қажетті жабдықпен жарақталған емдеу блоктары мен палаталарда болды.

    Қазақстанда бүгінде коронавирус жұқтырған 2,3 мыңнан астам науқастар тілкелген. Олардың ішінде 560 адам ауруынан жазылып шықты, 22 адам қайтыс болды. Елде төтенше жағдай режимі аясында карантиндік шаралар енгізілген.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.