
«2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына сәйкес 2020 жылғы 1 сәуірден бастап:
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 2 778 теңге;
Зейнетақының ең төмен мөлшерi – 40 441 теңге;
Ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы (ЕТКД) – 32 668 теңге;
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 17 641 теңге;
Жалақының ең төмен мөлшерi – 42 500 теңге мөлшерінде белгіленеді.
2020 жылғы 1 сәуірге дейін тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2020 жылғы 1 сәуірден бастап алып отырған мөлшерінен 5% -ға артады.
Жаңадан тағайындалған жасына байланысты зейнетақы мөлшерін есептеу кезінде ескерілетін кірістің ең жоғары мөлшері 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 46 айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен (127 788 теңге) аспауы керек.
ЕТКД-нің шамасы өсуіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері, оның ішінде медициналық-әлеуметтік мекемелерде және түзеу мекемелерінде тұратын адамдарға, мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) мемлекеттік жәрдемақы, мөлшері, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 5% артады.
№ 1 және № 2 тізімдерге мемлекеттік арнайы жәрдемақы, бала тууына байланысты бiржолғы төленетін мемлекеттік жәрдемақы, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтуміне төленетін мемлекеттік жәрдемақы, бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде көпбалалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 2020 жылғы 1 сәуірден бастап АЕК жоғарылауына байланысты 5% артады.
Зейнетақы және жәрдемақыларды жаңа мөлшерде төлеу 2020 жылдың мамыр айынан бастап жүргізіледі.



