
Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастырумен жыр қағаны Жұматай Жақыпбаевтың 75 жылдық мерейтойына орай «Жырлайды жүрек» облыстық ақындар мүшәйрасы болып өтті. Көрнекті ақын Жұматай Жақыпбаевтың жарқын бейнесін дәріптеу мақсатында өткен жыр додасына Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының Алматы облыстық филиалының төрағасы Ә.Әрін, Жетісудың аяулы ақын қыздары Сағыныш Намазшамова мен Айнұр Төлеу қазылық етіп, онлайн режимінде қатысушылардың шығармаларын бағалады. Мүшәйраға 37 ұсыныс келіп түсті. Мүшәйраның Бас жүлдесін жас ақын Асыл Сұлтанғазы иеленді. І орынға Қуат Қайранбаев лайық деп танылса, ІІ орынды Махсет Әлсейтов жеңіп алды. Жүлделі ІІІ орынды Дәулет Бейсбаев пен Еркін Ғапу иеленді. Сондай-ақ Жангелді Немеребаев, Қадір Байдүйсенов, Мағрипа Сандуғаш Ынталандыру сыйлығының иегерлері атанды.
Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты жеңімпаздарды марапаттау уақыты қосымша хабарланатын болады.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!


