«Тенгизшевройлдың» 500-ге жуық жұмыскерлері Қостанайға келеді

    «Тенгизшевройлдың» 500-ге жуық жұмыскерлері Қостанайға келеді

    «Тенгизшевройлдың» 500-ге жуық жұмыскерлері Қостанайға келеді

    29 сәуірде Қостанай облысының тұрғындары, вахталық әдісімен жұмыс істеген «Тенгизшевройл» кәсіпорынның қызметкерлері Қостанай қайтып келеді. Келген бетте аталған азаматтардың арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттанғандарды анықтау мақсатында сауалнама, термометрия жүргізілетін болады.

    Содан соң олар уақытша оқшаулау орындарға, облыс орталығының карантин стационарларына жеткізіледі, ол жерде COVID-19 ауруының болу болмауына терең анализ алу әдісімен тексеру үшін олардан материал алынады.

    COVID-19 зерттеу нәтижелері теріс болған жағдайда, үй жағдайында карантинді қатаң түрде ұстау қажеттілігі туралы жазбаша хабарламаны қолға берумен, 14 күндік инкубациялық кезеңі аяқталғанға дейін бұл қызметкерлер үй карантиніне жіберіледі.

    COVID-19 зерттеу нәтижелері оң болған жағдайда, аталған санаттағы адамдар ем қабылдау мекемесінің инфекциялық бөліміне емделуге жатқызылады.

    Атырау облысындағы COVID-19 ауруының өсімін ескере отырып, аталған шараларды өткізу маңызды болып табылады.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.