Әділет департаменті сыбайлас жемқорлық көріністерін ескерту, алдын алу және жолын кесу, әдеп кодексі нормаларын сақтау бойынша іс-шаралар жоспарлы түрде атқарылып келеді. Бұл бағытта департамент қызметкерлеріне «NUR OTAN» партиясының филиалы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыс бойынша департаментінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыс бойынша филиалының өкілдері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қатыстыру арқылы семинарлар, жиналыстар, кездесулер өткізілді, қызметкерлерді тергеу изоляторына апару жұмыстары, қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық қылмыс жасап, жазасын өтеп жатқан тұлғалар жайлы, құқыққорғау органдарымен оперативтік іс-шаралар кезінде түсірілген бейнероликтерді көрсетулер жүргізілді.
Құқық бұзушылықтарға жол бермеу және алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері алқа және аппараттық мәжілістерде қаралды.
Әділет департаментінің мемлекеттік қызмет туралы заңдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдеп кодексі талаптарының сақталуы бойынша семинарлар, жиналыстар, дөңгелек үстелдер және әңгімелесулер өткізіліп, мемлекеттік қызметшілерге жеке консультативтік көмектер көрсетілді.
Қызметкерлермен өткізілген жиналыстар мен семинарларда сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу шаралары, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері, еңбек тәртібін сақтау мәселелері талқыланып, мемлекеттік қызметшілерге жұмыстан тыс уақытта әдеп нормаларын сақтау, қызметтік автокөліктерді қызметтен тыс уақытта пайдаланбау, автокөлікті масаң күйде басқару фактілеріне жол бермеу, әлеуметтік желілерге өзіне сын келтіретін суреттер мен жарияланымдар шығармау, қызметте киім киюдің стилін ұстану, сонымен қатар, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу, масаң күйде жүру фактілерін болдырмау, құқықбұзушылықтың алдын алу керектігі түсіндірілді.
Департамент тарапынан мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған мінез-құлық қағидаттарын ұстануға және әдеп кодексі нормаларын сақтау мәселелері бойынша профилактикалық жұмыстар да жүргізілді.
Қызметкерлермен өткізілген жиналыстар мен семинарларда сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу шаралары, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері, әкімшілік құқықбұзушылыққа жол бермеу, еңбек тәртібін сақтау мәселелері талқыланды.
Ағымдағы жылдың 14 ақпанында Қызылорда облысының әділет департаментінің қызметкерлерінің, оның ішінде сот орындаушылар мен ауданаралық әділет басқармаларының басшыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» жайлы семинар өтті. Семинар барысында теориялық мәселелермен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ескерту мақсатындағы бейнематериалдар да көрсетілді.
Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің , «Nur Otan» партиясының облыстық филиалының, «Азаматтық үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалының, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» Акционерлік қоғамының облыстық филиалының өкілдері қатыстырылды.
Семинарда департамент қызметкерлері өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін мүлтіксіз орындау, заң талаптарын қатаң сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша белсенді азаматтық ұстанымды көрсету қажеттігі аталып өтілді.
Жыл басынан бері әдеп жөніндегі уәкілмен 15 мемлекеттік қызметшіге жеке консультативтік көмек көрсетіліп, қызметкерлермен әңгімелесулер жүргізілді.
Үстіміздегі жылдың 28-ақпанында Қызылорда облысының әділет департаментінің ұйымдастыруымен Жаңақорған ауданаралық әділет басқармасы аясында мемлекеттік қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және әдеп нормаларын сақтау мәселелері жайлы семинар өтті. Семинарда әділет департаментінің әдеп жөніндегі уәкілінің қызметі жүктелген бөлім басшысы Э.Абдыкаликова мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң талаптары түсіндіріліп, мемлекеттік қызмет көрсету бағытындағы, соның ішінде электронды қызмет көрсету кезінде туындайтын мәселелер, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету кезінде әдептілікті сақтау, қызмет көрсетуден негізсіз бас тартуларға жол бермеу мәселелері аталып өтілді. Департаменттің тіркеу қызметі саласындағы бөлім басшысы Е.Тажикенов заңды тұлғаларды тіркеу, құжаттарға апостиль қою мәселелері бойынша сөз сөйледі. Іс-шараға «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Б.Мажитов күн тәртібіндегі мәселе бойынша ой бөлісіп, пікір алмасты. Семинарға қатысқан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының аудандық филиалының қызметкерлерімен қызмет бабында туындайтын мәселелер бойынша сауалдар қойылды. Семинар нәтижесімен мемлекеттік қызметшілер тарапынан құқықбұзушылыққа жол бермеу, әдеп нормаларын сақтау бағытында ұсыныстар енгізілді. Семинар соңында Қызылорда облысының әділет департаментінің бөлім басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл міндеті жүктелген Э.Абдыкаликова Жаңақорған ауданаралық әділет басқармасының қызметкерлеріне консультативтік көмек көрсетіп, 3 азаматты жеке қабылдау жүргізді.
Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс режимін сақтау мәселелері бойынша наурыз айында анонимді сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесімен жұмыстан қалып жұмыс жасау және мереке, демалыс күндері жұмыстарға шығу фактілерінің жоқтығын білдірген.
Мемлекеттік қызметшілер мен сот орындаушылармен мереке күндері әдеп нормаларын сақтау, қоғамдық орындарда ішімдік ішу және автокөліктерді масаң күйде басқару фактілерін болдырмау, құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері жайлы жиналыстар өткізілді.
Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың ақпан айында Қызылорда қаласындағы ЗК-169/1 тергеу изоляторына департаменттің қызметкерлері, сот орындаушылар мен ауданаралық әділет басқармаларының басшылары апарылды.
Сонымен қатар, «Еріктілер» іс-шарасы аясында департаменттің қызметкерлері Қызылорда қаласында орналасқан ЗК-169/5 мекемесіне(жабық, аса ауыр жазасын өтеу) тергеу изоляторына мен ЗК-169/4 мекемесіне құқықтық көмек көрсету мақсатында іс-шаралар өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында департаментпен дайындалған видеороликтер департаменттің ғимаратындағы экранда көрсетіліп отыр.
Қызылорда қаласының LED экранында Әділет департаменті мен ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің облыс бойынша департаментімен бірлесе дайындалған бейнеролик жарықтандырылды.
Жалпы 2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет заңының, әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселелері бойынша 24 семинарлар, дөңгелек үстелдер мен жиналыстар өткізілді, радиодан 1 сөз сөйлеу ұйымдастырылды. 15 мемлекеттік қызметшілерге консультативтік көмектер берілді, 1 ауданға шығу арқылы семинарлар өтіп, 3 азаматты жеке қабылдауы жүргізілді.
Департаментпен дайындалған бейнероликтер мен департаменттің атқарылған іс-шаралары Әділет департаментінің ғимаратындағы экранда көрсетілуде. Сонымен қатар, Әділет департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстары департаменттің веб-сайтында және «Facebook» әлеуметтік желісіне жарияланып отыр.
Ай сайын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің «Ақпараттық қызмет» жүйесінен мемлекеттік қызметшілер тарапынан қоғамдық тәртіпті бұзу, мас күйінде автокөлікті басқару деректері бойынша мәліметтер алынып отыр. Есепті кезеңде мас күйінде автокөлікті басқару фактілері анықталған жоқ. Сонымен қатар, әлеуметтік желілердегі мемлекеттік қызметшілердің өзіне сын келтіретін суреттер мен жарияланымдарға мониторинг жасау жұмыстары жүргізіліп отыр. Барлық мемлекеттік қызметшілердің телефондарына (whatsApp арқылы) бұқаралық ақпарат құралдарында жаңалықтардан көрсетіліп, интернет желісінде жарияланып жатқан құқықбұзушылықтар жолданып отыр. Департамент басшылығымен мамандарды қатыстыра отырып «Құқық қорғау қызметтері орталығында» азаматтарды қабылдау жұмыстары жүргізіліп отыр. «NUR OTAN» партиясының филиалдарының ғимараттарында әділет органдарының басшыларымен қоғамдық қабылдаулар жүргізіліп, қызметкерлермен заңгерлік кеңестер берілуде. «Адалдық алаңы» жобасы аясында департаментте арнайы бөлме жасақталып, жоспары бекітілді. Сонымен қатар, департамент басшылығымен жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Департамент басшылығымен 13 жеке қабылдау жүргізілген. Департамент және аудандық, қалалық әділет басқармаларындағы сенім телефондары жайлы хабарламалар департаменттің сайтында, газет беттерінде жария етіліп және халыққа көрінетіндей жерлерде ақпарат ілінген. Сенім телефоны жайлы ақпарат «Facebook» парақшасында да жарықтандырылған. 2020 жылдың басынан барлығы 12 тұлға хабарласқан. Азаматтардан өтініштердің басымы тіркеу және сот актілерін орындау қызметі бойынша түскен. Әділет департаментінің кіре берісі дәлізінде азаматтарға арналған арыз-шағым жәшігі орналастырылған. Жыл басынан бері шағым түспеген. Департаменттің ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стенд дайындалған. Барлық қызметкерлердің қызметтік бөлмелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жайлы ақпараттар ілінген. Алдағы уақытта Әділет департаментімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, әдеп кодексі талаптарын сақтау бағытында шараларын күшейтуге жұмыстар атқара беретін болады. |



