
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыстық жедел штаб отырысында өңірде карантиндік режимді жеңілдету туралы бірқатар шаралар қабылданды.
Бірінші кезекте қоғамдық көліктің қозғалысын таңертеңгі 6.00 ден кешкі 20.00 ге дейін қалпына келтіру, саяжайға бару кестесіне қосымша күндер белгілеу, қызмет көрсету саласының бірқатар нысандарының жұмысын 2020 жылдың 28 сәуірінен бастап іске қосу көзделіп отыр.
Қала тұрғындарына тағы да карантиндік шараларды жеңілдету, бұл мүлдем сақтық шараларын алып тастау емес, соны естен шығармауымыз керек екендігін еске саламын.
Сіздерге арналған арнайы нұсқама қабылданды, сол ұсыныстарды, барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауға шақырамын.
Сіздің жауапкершілігіңізден жақын туыстарыңыздың болашағы тығыз байланысты екенін ешқашан ұмытпайық.



