№ р/с |
Есепті кездесуді өткізу барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулер |
Ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру шаралары |
Ұсыныстар мен ескертулерді орындаудың мерзімдері |
Іс-шараның орындалуына жауапты лауазымды тұлға |
Ескертпелер |
1. |
Қарқаралы қаласы, Қарағайлы кентінің Ақтерек ауылы, Абай, Тәттімбет ауылы Шілдебай елді мекенін, Бүркітті, Шарықты, Балқантау ауылының Айнабұлық елді мекенін, Қайнарбұлақ, Сарыобалы, Аққора, Угар, М.Мамыраев ауылдық округтерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету |
Жоспарлау, қаржы қарастыру, жобалық-сметалық құжаттар әзірлеу. |
Жыл ішінде |
Д. Қабаев А.Мұқан Қала ,кент, ауылдық округ әкімдері |
Қарағайлы кентіндегі су құбырының құрылысын мемлекеттік экспертизаға кіргізу жұмыстары жүргізілуде. Сарыобалы ауылында су құбырының құрылысына аудандық бюджеттен 2 млн теңге қарастырылды. Қалған ауылдардың техникалық құжаттары дайын, мемлекеттік сараптамадан өтуде. |
2. |
Қарағайлы кенті, Егіндібұлақ, Шарықты, Қаракөл, Бүркітті, Теімірші, Томар, Бақты а/о су құбырын айырбастау жұмыстарын жүргізу; Абай ауылындағы су құбырына жөндеу жұмыстарын жүргізу, мектепке скважина қаздыру; Бесоба ауылында су деңгейі бойынша барлау жұмысын жүргізіп, су ұңғымасын қаздыру мәселесін қарау |
Жоспарға енгізіп, қаражат бөлу бойынша ұсыныс енгізу |
2020 ж шілдеге дейін |
Д. Қабаев А.Мұқан Қала ,кент, ауылдық округ әкімдері |
су құбырының техникалық жағдайын тексеру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде, жұмыстар аяқталғаннан кейін айырбастау жұмыстары жүргізіледі. Бесоба, Абай ауылдық округі су ұңғымасын қаздыру бойынша қажетті құжаттарын әзірлеуде |
3. |
Қарашоқы ауылына жаңадан ауыз су соратын құрылғы орнатуды қарастыру |
Жоспарға енгізіп, қаражат бөлу бойынша ұсыныс енгізу |
Қыркүйекке дейін |
Д. Қабаев А.Мұқан Ауылдық округ әкімі |
Бесоба ауылдық округі әкімі тарапынан жаңадан ауыз су соратын құрылғы орнатуға бюджеттік өтінім берілді. |
4. |
Ақтасты-Мәди тас жолындағы су өткізу құбырын айырбастау жұмыстарын жүргізу |
Жоспарға енгізіп, қаражат бөлу бойынша ұсыныс енгізу |
2020 ж Қыркүйекке дейін |
Д. Қабаев А.Апендина А.Мұқан Ауылдық округ әкімі |
Егіндібұлақ-Ақтасты-Айрық аудандық маңызы бар автомобиль жолының су өткізгіш құбырларын жөндеуге аудандық бюджеттен 6,729 млн теңге (Бастал ө) 2,2 млн тенге (Бапалақ қ) қарастырылды |
5. |
Егіндібұлақ-Өсібай тас жолына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу |
Жоспарға енгізіп, қаражат бөлу бойынша ұсыныс енгізу |
2020 ж Қыркүйекке дейін |
Д. Қабаев А.Мұқан Ауылдық округ әкімі |
Егіндібұлақ-Ақтасты-Айрық аудандық маңызы бар автомобиль жолына жөндеуге сметалық құжаттама әзірленеді |
6. |
Тәттімбет ауылдық округі, Арқалық ауыл ішіндегі өзенге өткел салу Кент ауылындағы Талды өзенінен өту үшін көпір (өткел) салып беру Тегісшілідік ауылдық округіне қарасты ауылдарға көпірлер (өткелдер) салу |
Жоспарға енгізіп, қаражат бөлу бойынша ұсыныс енгізу |
2020 ж Қыркүйекке дейін |
Д. Қабаев А.Апендина А.Мұқан Ауылдық округ әкімдері |
Ауылдық округ әкімдері көрсетілген мерзімге дейін демеушілер арқылы көпір салу жұмыстарын ұйымдастырады |
7. |
Қаракөл ауылынадғы көлдің тоғанның су шайып кетуі байланысты, қайта жөндеу жұмыстарын жасау |
Жоспарға енгізіп, қаражат бөлу бойынша ұсыныс енгізу |
Мамыр- маусым 2020 ж |
Д. Қабаев А.Мұқан Ауылдық округ әкімі |
Ауылдық округінің әкімі шаруашылық тәсілмен қалпына келтірді. |
8. |
Бүркітті станциясы мен Бүркітті ауылы аралығына тас жолына жөндеу жұмыстарын жүргізу (12шқ). |
Жоспарға енгізіп, қаражат бөлу бойынша ұсыныс енгізу |
2020 ж Қыркүйекке дейін |
Д. Қабаев А.Мұқан Ауылдық округ әкімі |
«Бүркітті станциясына кіреберіс» аудандық маңызы бар автомобиль жолына жөндеуге сметалық құжаттама әзірленеді |
9. |
Борлыбұлақ ауылының кіре беріс тас жолына жөндеу жұмыстарын жасау |
Жоспарға енгізіп, қаражат бөлу бойынша ұсыныс енгізу |
Жыл ішінде |
Д. Қабаев А.Мұқан Ауылдық округ әкімі |
«Қарқаралы-Қарағайлы»- «Қарқаралы-Аманжолов» аудандық маңызы бар автомобиль жолына жөндеуге сметалық құжаттама әзірленеді Жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы бюджеттік сұраныс берілді |
10. |
Жаңатоған ауылындағы су шайған жерлеріне тоқтау орнатып, жолды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу |
Жоспарға енгізіп, қаражат бөлу бойынша ұсыныс енгізу |
Жыл ішінде |
Д. Қабаев А.Мұқан Ауылдық округ әкімі |
Нүркен-Жаңатоған аудандық маңызы бар автомобиль жолының су өткізгіш құбырларын жөндеуге аудандық бюджеттен 7,283 млн теңге қарастырылды. |
11. |
Бесоба-Қызылту 18 шақырым тас жолын толық аяқтау |
Белгіленген мердігердің міндеттемесін жүзеге асыруды бақылау |
2020 ж шілде |
Д. Қабаев А.Мұқан Ауылдық округ әкімі |
«Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-не хат жолданды. |
12. |
Ынталы ауылдық округінен Қарқаралы-Қарағанды жолына дейін 14 км трасса жолына жөндеу жұмыстарын жүргізу |
Облыстық ЖКАЖ басқармасына жолды жөндеу жөнінде хат жазу |
2020 ж наурыз |
Д. Қабаев А.Мұқан Ауылдық округ әкімі |
Ынталы ауылдық округінен Қарқаралы-Қарағанды жолына дейін 14 км трасса жолына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-не хат жолданды. |
13. |
Белдеутас-Ақбай-Қызылбай бағытына дейінгі дала жолдың орнына грейдер салу |
Жолды балансқа алу жұмыстарын жүргізу |
2020 ж. шілде |
Д. Қабаев А.Апендина А.Мұқан Ауылдық округ әкімі |
Қ.Аманжолов а/о әкімі автомобиль жолының сәйкестендіру құжаттарын әзірленіп, балансқа беру жұмыстары жүргізілуде |
14. |
Тәттімбет ауылдық округі, Шілдебай елді мекені, Шарықты ауылдық округіне қарасты, Айыр, Шөптікөл елді мекенінде электр жүйесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу |
Меншік иесін анықтау жұмыстарын жүргізу |
2020 жылдың мамыр |
Кабаев Д.Д. Мұқан А.Ж. Ауыл әкімі |
Электр желілерінің сәйкестендіру құжаттары әзірленіп, балансқа беру жұмыстары жүргізілуде |
15. |
Қарабұлақ ауылына ұялы байланыс, интернет желісін орнату Милыбұлақ ауылында интернет желісін жақсарту |
Тиісті мекемелерге ұсыныспен шығуға |
2020 ж. шілде |
Кабаев Д.Д. Мұқан А.Ж. Адильханов А.Е. (келісім бойынша) Ауыл әкімдері |
Қарабұлақ ауылына ұялы байланыс және интернет желісін орнату бойынша ұсыныс берілді. Милыбұлақ ауылында интернет желісінің жылдамдығын арттыру бойынша хат жолданды. |
16. |
Қырғыз ауылындағы мекетеп жанында орналасқан КТП қоршау |
КРЭК мекемесіне тапсырыс беруге |
Наурыз 2020 ж |
Кабаев Д.Д. Мұқан А.Ж. Муканов Е.М. (келісім бойынша) Ауыл әкімі |
«КРЭК» мекемесіне жұмыс жоспарына енгізуге хат жолданады КТП қоршау жұмыстары наурыз-сәуір айларында жүргізіледі |
17. |
Бүркітті ауылынан Жәнібек ауылына келетін электр желісінің бағаналарына күрделі жөндеу жүргізу |
Заңға сәйкес жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, Жәнібек елді мекеніне баратын ВЛ-10кВ электр желілерін, электр энергиясын тасымалдаушы мекемеге тапсыру. |
2020 ж. шілдеге дейін |
Кабаев Д.Д. Мұқан А.Ж. Ауыл әкімі |
Электр желілерінің сәйкестендіру құжаттары әзірленіп, электр энергиясын тасымалдаушы мекемесіне балансқа беру жұмыстары жүргізілуде |
18. |
Томар ауылындағы электр жүйесінің қуаттылығын қалыпқа келтіру; Қарқаралы қаласы М.Мамыраев көшесіндегі электр желісі бойынша мәселені шешу; Жарлы, Қарынши, Ақбай-Қызылбай ауылдарында КТП ауыстыру электр жүйесінің қуатын қалыпқа келтіру бойынша жұмыстар жүргізу; Ежебай елді мекенінде электр жүйесін жөндеу жұмыстарын жүргізу; Милыбұлақ ауылындағы КТП-ның ішкі құрылғысын (автоматы) айырбастау |
Электр жүйлерін жөндеу жоспарларына енгізу, тиісті іс-шараларды жүргізу |
1-ші тамызға дейін 2020ж |
Кабаев Д.Д. Мұқан А.Ж. Муканов Е.М. (келісім бойынша) Ауыл әкімі |
Ауылдық округтерде электр жүйесінің қуаттылығын қалыпқа келтіру жұмыстары бойынша «КРЭК» мекемесіне жұмыс жоспарына енгізуге хат жолданады. Қарқаралы қаласы М.Мамыраев көшесіндегі электр желісі бойынша қажетті жұмыстар атқарылуда. Ежебай және Милыбұлақ Электр желілерінің сәйкестендіру құжаттары әзірленіп, балансқа беру жұмыстары жүргізілуде. |
19. |
Қарқаралы қала басындағы көшелерді жарықтандыру |
Жоспарға енгізіп, қаржыландыру |
Маусым 2020ж |
Кабаев Д.Д. Апендина А.М. Қала әкімі |
Мади көшесіне -45 дана 120 Вт жарықшам бағанын, Т.Әубәкіров көшесінің -5 дана 120 Вт жарықшам. Сатыбалдина көшесіне-25 дана 120 Вт жарықшам бағанын, В.Рей көшесіне-5 дана 120 Вт жарықшам бағанын орнату жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Орталық саябақта ескірген 40 дана жарықшамдары 50 Вт светодиод жарықшамына ауыстыру жұмыстары жүргізілді. |
20. |
Шарықты ауылдық округі, Теректі ауыл ішіндегі күл-қоқысты шығару жұмыстарын жүргізу |
Наурыз айына дейін қоқысты шығару жұмыстарын жүргізу |
Наурыз 2020ж |
Ауыл әкімі |
Теректі ауылы күл-қоқысты шығару жұмыстарын «Алтайполиметаллы» ЖШС арқылы жүргізді. 2020 жылғы күл-қоқысты шығару жоспарға сай жүргізілетін болады. |
21. |
Бұрынғы Қарағайлы кен байыту комбинатының өндіріс қалдықтарының орынын рекультивация жұмыстарын жүргізу |
Тиісті басқармаға ұсыныс хатпен шығу |
Наурыз 2020ж |
Кабаев Д.Д. Тоқмурзин Б. А.Шәймерден Қарағайлы кентінің әкімі |
Қарқаралы ауданы, Қарағайлы кенті жерінде бариттік қалдықтар қоймасы орналасқан көлемі 381,0 га жер учаскесі мемлекеттік қорға қайтарылды. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары С.Шайдаровтың атына техногенді-минералдық түзілімдерді қайта өңдеуге келетіні не болмаса келмейтінін анықтау бойынша хат жолданды. |
22. |
Н.Нұрмақов, Қаракөл ауылдық округ клубтарына жөндеу жұмыстарын жүргізуді қарастыру |
Шешу жолдарын қарастыру |
Маусым 2020 |
С.Әлиұлы А.Апендина Ж.Искакова Ауыл әкімдері |
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына бюджеттік өтінім дайындалуда. |
23. |
Томар ауылында клуб салуды қарастыру |
Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына сұраныс хатпен шығу |
Наурыз 2020 |
С.Әлиұлы А.Апендина Ж.Искакова Ауыл әкімі |
Мәдениет ұйымдары желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтерін және облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың, селолық деңгейлердегі мемлекеттік мәдениет ұйымдарының үлгілік штаттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 121 бұйрығына сәйкес тұрақты мәдени-демалыс кешені халық саны 1000 адам болған жағдайда ғана клуб үйі салынатын болады. Томар ауылында халық санының аталмыш тұжырымдамаға сәйкес келмеуіне байланысты, клуб салу мүмкіндігі жоқ |
24. |
Бүркітті ауылына бала бақша салу |
Облыстық білім басқармасына сұраныс хатпен шығу |
Наурыз 2020ж |
С.Әлиұлы А.Апендина А.Елеусизов Ауыл әкімі |
Қарағанды облысының білім басқармасына бюджеттік өтінім дайындалып, жолданды.. |
25. |
Темірші ауылында ФАП мекемесін жаңартылса, дәріхана ашу қарастыру |
Облыстық денсаулық сақтау басқармасына ұсыныс енгізу |
Наурыз 2020ж |
С.Әлиұлы С.Сулейменова Ауыл әкімі |
Темірші ауылдық округіне қарасты Татан ауылында ФАП ғимаратын салу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Қарағанды қаласындағы ЭКОЭКСПЕРТ және Балқаш-Алакөл су инспекциясына тиісті рұқсат қағаздарын алу үшін сұраныс жолданды. Дәріхана ашу бойынша аудандық денсаулық бөлімімен алдын ала келісім жүргізілді. |
26. |
Жаңатоған, Тегісшілідік ауылдық округі Жарлы ауылына қарасты мектеп қазандығының тозығы жеткен жерлерде ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізу |
Жобалық–сметалық құжаттарды әзірлеу және тиісті ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу |
Қыркүйек 2020 ж |
С.Әлиұлы А.Апендина А.Елеусизов Ауыл әкімі |
№ 14 орта мектепке 2019 жылы қазандық салу жұмыстары салынған жобалық сметалық құжаттары дайын 2020 жылы жұмыстар толығымен аяқталды. Тегісшілдік ауылдық округіне қарасты Жарлы ауылының мектеп қазандығы 2 млн 500 мың теңгеге ауыстырылды. |
27. |
Ынталы ауылындағы мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізу; Тегісшілдік ауылындағы №6 орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу; Шарықты ауылдық округіндегі №30 орта мектеп ғимаратының сыртына күрделі жұмыс жүргізу; Абай ауылдық округіндегі мекетепке жөндеу жұмыстарын жүргізу |
Жобалық –сметалық құжаттар әзірлеу мақсатында бюджеттік сұраныс беру |
наурыз 2020 ж |
С.Әлиұлы А.Апендина А.Елеусизов Ауыл әкімі |
Мектептерге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, жобалық –сметалық құжаттар әзірлеуге бюджеттік сұраныс берілді.. |
28. |
Темірші ауылында, жеке қосалқы шаруашылығын көркейту үшін жер телімдерін берсе |
Заңға сәйкес, жоспарлы жұмыстарды жүргізу |
үнемі |
Б.Токмурзин А.Шәймерден Ауыл әкімі |
Темірші ауылдық округі, Татан ауылының даму және салу сызбалары (оңайлатылған бас жоспар нұсқасы) аудандық мәслихаттың сессиясының шешімімен бекітілді. Даму және салу сызбасында болашақта құрылысы қарастырылған жеке тұрғын үй, бизнес объектілері, мал бордақылау алаңы, мал сою алаңдары т.б. бос жер учаскелері орналастырылды. Темірші ауылдық округі бойынша шаруа қожалықтарына және жеке тұлғаларға жер телімдері сұранысқа сәйкес мезгілінде беріледі. |
29. |
Қ.Аманжолов ауылында футбол алаңын салуды қарастыру |
Жоспарға енгізіп, қаржыландыру |
Маусым 2020ж |
Кабаев Д.Д. Әлиұлы С Н.Касимов Ауыл әкімі |
Конкурсқа өтініш берілді |
30. |
Нұркен ауылындағы мешіт жанына асхана салу жұмыстарын бастауға жер алу мәселесін қарау |
Тиісті мекемеге сұраныс жолдауға |
Сәуір 2020ж |
С.Әлиұлы Б.Токмурзин А.Шәймерден Ауыл әкімі |
Жеке тұрғын үй құрылысынан басқа объектілердің құрылысы үшін жер учаскелері сауда-саттықта (аукцион) беріледі. Н.Әбдіров ауылындағы мешіт жанындағы асхана салу жер алуға берілетін (мемлекеттік акті, жер алу келісім шарт) 2019 жылы тамыз айында дайын болған. Құрылыс жүргізушісі Қазақстан Мұсылмандары діни басқарамсынан құрылыс жүргізуге электронды түрде құжат алу қажет. |
31. |
Егіндібұлақ, Ынталы, Угар ауылында мал жайылымы жерлері бойынша тиісті іс-шараларды ұйымдастыру, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
Ауыл шаруашылығы, жер, сәулет және қала құрылысы бөлімдері жоспар жасақтап ауылдарды аралауға |
Сәуір 2020ж |
Б.Токмурзин А.Шәймерден А.Қасымов Ауыл әкімі |
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» заңының 13 бабына сәйкес Қарқаралы ауданы бойынша2020 - 2021 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспары Қарқаралы аудандық мәслихаттымен бекітіледі. Бекітілген жоспарға сәйкес, Егіндібұлақ, Ынталы, Угар әкімдері ауылдағы мал жайылымы жерлері бойынша тиісті іс-шараларды ұйымдастырып, тұрғындармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. |
32. |
Аудан бойынша бруцеллез ауруының алдын алу, тиісті шаралардың жүргізілуін қамтамасыз ету |
Жоспарлы жұмыстарды жүзеге асыру. |
жыл ішінде |
Токмурзин Б.М. Әли Қ.Ш. Қала, кент және ауылдық округ әкімдері |
2020 жылдың наурыз айынан бастап бекітілген жоспарға сәйкес аудан көлемінде профилактикалық-диагностикалық іс-шаралары жүргізілуде. Бруцеллез ауруын азайту мақсатында бруцеллезге анықталған ірі қара малдарын, мал иелеріне сойдырмай уақытында тірідей етті қайта өңдеу кәсіпорынына тапсыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тапсырылып жойылуда. Бруцеллез ауруының алдын алу, бруцуллез шыққан малдарды уақытымен өткізіп, шыққан адамдардың қораларына дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. |
33. |
Мәди, Темірші пошта жұмысын ұйымдастыру |
Облыс және аудан пошта торабына ұсыныс хатпен шығу |
Наурыз 2020 ж |
С. Әлиұлы Ауыл әкімі Баяндин А.Д. (келісім бойынша) |
Облыс және аудан пошта торабына пошта жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсыныс хат жолданды. |
34. |
Шаруа қожалықтарды қаржылай қолдау көрсету бойынша мемлекеттік бағдарламалар жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу |
Жоспар жасақтап ауылдарды аралауға |
үнемі |
Б.Токмурзин А.Қасымов |
Шаруа қожалықтыраы мен ауылдық округтерінің тұрғындарына қаржылай қолдау көрсету бойынша мемлекеттік бағдарламалар жөнінде ауылдық округтерге шығу кестесі жасалып, кестеге сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сондай ақ, ағымдағы жылдың 25 ақпанында «ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өкілдері, ауылдық округтерінін әкімдерімен, шаруа қожалықтарымен, жеке кәсіпкерлермен дөнгелек үстел өткізілді. |



