Аудан әкімі Түпқараған ауданының тұрғындарын 1 мамыр мерекесімен құттықтады!

    Құрметті Түпқарағандықтар!

    Сіздерді татулығымыз бен мызғымас бірлігіміздің мерекесі

    1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

    Елбасының сарабдал саясатының арқасында елімізде ұлтаралық достық пен өзара түсіністік берік қалыптасқан.

    Біз осындай баға жетпес байлығымызды бағалай отырып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, жарасымды бірлігіміз бен табысты тірлігімізді одан әрі дамытуымыз қажет.

    Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі - бүгінгі таңда бейбіт өмірмен ырысты ынтымақ құрған егемен еліміздің мамыражай мейрамы!

    Өкінішке орай, биылғы әлемде орын алған қиын жағдай баршамызды бей - жай қалдырған жоқ. Сабырлық таныта отырып, төтенше жағдайдың талаптарын қатаң орындауға шақырамын.

    Құрметті жерлестер!

    Бірлік - берекеге, береке - мерекеге жеткізеді - деп дана халқымыз айтқандай, 1 мамыр – Бірлік күні құтты болсын!

    Сіздерге бақыт пен қуаныш, дендеріңе саулық, отбасыларыңа амандық тілеймін!

    Тыныштық пен бейбітшіліктің тал бесігінде тербелген халқымыздың татулығы мен бірлігі нығая берсін, еліміздің болашағы баянды, іргесі берік болсын!

    Құрметпен, Түпқараған ауданы әкімі Айбек Қосуақов

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.