
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары пленарлық отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екі оқылымда қарап, қабылдады.
Осы Заң еңбек қатынастары, әлеуметтік әріптестік, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін қамтиды.
Осылайша, еңбек жағдайлары бойынша қызметкерлерді кемсіту фактілеріне жол бермеу мақсатында құжатта: Еңбек кодексінде қызметкердің лайықты еңбек және тұрмыс жағдайларына құқығы туралы нормаларды белгілеу, еңбек саласында кемсітушілік фактілеріне жол бергені үшін жұмыс берушілерді жауапкершілікке тарту үшін әкімшілік заңнамаға негіздеме енгізу көзделеді.
Толығырақ:https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/senat-prinyal-popravki-v-zakonodatelstvo-po-voprosam-truda?lang=kk



