
Оның ішінде қаржылай көмек келесі азаматтар санатына арналған:
- Жеңіске үлес қосқан ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар (376 адам);
- ҰОС жылдарында тылда еңбек еткендер (109 040 адам);
- қоршауда болған Ленинград қаласында тұрғандар (87 адам);
- кәмелет жасқа толмаған кезінде концлагерь, гетто және басқа да мәжбүрлі түрде қамап ұстау жерлерінде тұтқында болғандар (289 адам);
- ҰОС кезінде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) әскери қызметкерлердің, партизандар мен астыртын әрекет етушілердің қайта тұрмысқа шықпаған жұбайлары (15 адам);
- қайтыс болған соғыс мүгедектерінің әйелдері (4 866 адам).
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктеріне Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жетуге үлес қосқан барлық санаттағы азаматтарға қаржылай көмектің кепілдендірілген шекті мөлшерін орнатуды ұсынды.
Нәтижесінде, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне біржолғы материалдық көмек кемінде 500 мың теңге көлемінде белгіленді. Қоршауда болған Ленинградь қаласында тұрғандар мен концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары - кемінде 50 мың теңге. Екінші дүниежүзілік соғыстың қайтыс болған мүгедектерінің әйелдеріне, Екінші дүниежүзілік соғыста қайтыс болған жауынгерлердің жесірлеріне және Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне - кемінде 30 мың теңге.
Төлемдер бірқатар аймақтарда, мысалы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында және тағы басқа өңірлерде жүргізілді.
Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу құрметіне, ардагерлерге дәстүрлі азық-түлік себеттері ұсынылады.
Сонымен қатар, барлық ардагерлердің әскери қызметшілерге қолданылатын құқықтары мен кепілдіктері бар. Мысалы, олар жеңілдікпен баспана алады, салық жеңілдіктері бар, тегін медициналық көмек пен шипажайда емдеуден өтеді.


