
Құрметті аудан тұрғындары!
Қазақстан Республикасының аумағында енгізілген төтенше жағдай мерзімін ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін ұзарту туралы Мемлекет басшысының Жарлығы шыққан болатын.
Жарлыққа сәйкес төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, халық арасында коронавирустық инфекцияның кеңінен таралуының алдын алу мақсатында Түркістан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен 18 сәуір күнгі сағат - 24:00-ден бастап Түркістан облысының аумағында карантин режимі енгізілді.
Карантин режимінде Түркістан облысының өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үздіксіз жұмыс істеуін және тіршілік етуін қамтамасыз ету үшін азық-түлік тауарлары, дәрілік заттар, медициналық бұйымдар, дезинфекциялық заттар, өндірістік тауарлар мен материалдар бар автокөлікті және кіріп - шығуға рұқсаты бар азаматтар мен көлікті қоспағанда Түркістан облысының аумағына (аумағынан) автокөлік құралдарының барлық түрлері мен азаматтардың келуіне және шығуына тыйым салынады.
Сонымен қатар, аудан көлеміндегі әр секторда азық-түлік дүкендерінің және жанар-жағар май бекеттерінің жұмысы сағат 09.00-ден сағат 20.00-ге дейін белгіленіп, қоғамдық тамақтану, монша, шаштараз, техникалық қызмет көрсету орындарының жұмысы тоқтатылады.
Қадірлі ағайын!
Көне тарихтың сан қатпарының қайсыбірін ақтарып, қат-қабат беттерінің қайсысын парақтасақ та, халқымыздың асыл армандарының көш басында ең алдымен ынтымақ пен бірлік, татулық пен тыныштық тұрғанын аңғарамыз.
Әлемді шарлаған коронавирустық инфекция таралуының алдын-алу үшін мемлекет тарапынан қолға алынған шараларға түсіністікпен қарап, парасаттылық танытып үйде болуға шақырамын!
Біз біргеміз!
Отырар ауданының әкімі Ә.Жүнісов


