
Құрметті оқырман!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 15 науыздағы №285 Жарлығына сәйкес елімізде төтенше жағдай жарияланғаны баршаңызға белгілі. Сонымен қатар, коронавирус инфекциясы таралуының алдын-алу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 17.04.2020 жылғы №13 қаулысымен өңірімізде төтенше жағдайдың соңына дейін карантин режимі енгізілді.
Төтенше жағдай кезеңінде мән-жайы анықталмаған кез-келген хабарды көпшілікке тарату, қоғамдық ортада дүрбелең туғызып қана қоймай, заң алдындағы жауап беруге мәжбүр етеді. Төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат тарату фактісі Қазақсан Республикасының Қылмыстық кодексінің 274-бабының 4-бөлігі, 2 тармақшасына сай жазаланады.
Яғни, жеке тұлғаның жалған ақпарат таратқан анықталса, оған үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге құқын шектеу немесе бас бостандығынан айыруға дейін үкім кесіледі.


