
Павлодар қаласының орталық жағалауында полиция қызметкерлерінің ауқымды гарнизондық саптық байқауы өтті. Іс-шараны Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Малик Оңғарбаев өткізді.
Ол жеке құрамның саптық даярлығын, сыртқы келбетін және тәртібін тексеріп, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерді айқындады. Полковник государственный орган жұмысының басты басымдығы құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғам тарапынан сенімді нығайту екенін атап өтті.
– Профилактикалық жұмыс ерекше маңызға ие. Біз тек оқиғаларға жедел әрекет етіп қана қоймай, құқық бұзушылықтардың туындауына жол бермей, олардың алдын алу бағытында жұмыс істеуіміз қажет. Әрбір қызметкер тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жеке жауапкершілігін терең түсінуі маңызды, – деп атап өтті Малик Басарұлы.
Саптық байқау қорытындысы бойынша бөлімше басшыларына халықпен жұмысты күшейту, көшелер мен қоғамдық орындардағы патрульдеуді арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Гарнизондық саптық байқау салтанатты шерумен аяқталды. Павлодарлық полицейлер жоғары деңгейдегі даярлықтарын көрсетіп, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге толық дайын екендіктерін паш етті.

